Имантай ақсақалдың жас ұрпақ тәрбие сiне талабы да аса қатаң болған: ес бiлiп, етек жиған бала ертелi-кеш ойын қумай, нақты қарекетпен айналысуға тиiс



Дата24.11.2023
өлшемі20,75 Kb.
#193337
Байланысты:
дидакт.мат. Қаныш


Үзінді:
Имантай ақсақалдың жас ұрпақ тәрбие сiне талабы да аса қатаң болған: ес бiлiп, етек жиған бала ертелi-кеш ойын қумай, нақты қарекетпен айналысуға тиiс; молдалыққа жалдаған адамдары да – әсiре шариғатшыл немесе шала сауатты дүмшелер емес, оқуы озық қалаларда медресе тәмамдаған оқымысты жандар... Талабына қарай сұрауы демекші, алдындағы шәкiртке олар Құранның аяттарын сыпыра жаттатудан гөрi оқығанын ұғып, жаза да бiлетiн сауатқа жетуiн көбiрек қадағалаған. Араб, парсы тiлде рiнде басылған кiтаптарды оқу – шәкiртт ердiң бiрiншi парызы, ал аятты мақамдап жақсы оқу – екiншi, үшiншi жылдардың еншiсi... Бiр жайт анық: Обалыдағы осы мектептен сауатын ашқан бiрде-бiр шәкiрт кейiнгi ғұмырында дiн жолына құлай берiлiп, молда атанып, басына сәлде салмаған; көбi Имантай мен Әбiкей ағаларына елiктеп үлкен қалаларда, бiлiктi мектептерде оқуға құштарлық аңғарт қан.
Имантай бидiң кенжесi Қаныш та мұсылманша «тiл сындыру» мектебiнен қалыс қалмайды. Шәкiрт бала ұстаз алдында тiзесiн бүгiп, жазу тақтайын көлденең ұстап, қағаз-қарындашын сайлап, төмен қарап мөлиген қалыпта тым-тырыс отыруға тиiс. Молдекең кiтабын қолына алады да, қарсы алдында қойдай жусаған балалардың бірін таяғымен түртіп: «Бәтшағар, сен бастайсың!» – дейді. Таңдау түскен байғұс бала тамағын кенеп, молдекең қолына ұстатқан кітапты мақамдап оқи бастайды. Өзге шәкірттер біреу қуып келе жатқандай-ақ іле оны қостай жөнеледі. Сол-ақ екен, там үйдің іші жамыраған дауыстан у-шу болып күңіреніп шыға келеді.
Еркі өзінде болса Қаныш бір күн де бұл үйде отырмас еді: Қарамұрынның басынан сырғанақ теуіп, болмаса құла тайын ерттетіп алып, екі ауылдың ортасында желмен жарысып жүруі хақ; немесе Бөкештің оқу кітабын тізесіне қойып, тасқа басылған терідей қалың беттерін сипап, суреттерін тамашалау қандай қызық!.. Иә, оның кітабы өзін ікінд ей емес, ерекше әдемі безенген. Әсіресе суреттері керемет! Шауып бара жатқан құлын, жайқалған тоғай, сауыт киген орыс батыры айна-қатесіз дәл бейнеленген. Оның мұғалімі өздерін оқытатын молдадай қатыгез емес, қолында таяғы да жоқ деседі. Қашан көрсең де: «Әйін, малай қазақ, минің мәктәбіме син қашан киләсің?» – деп күліп тұрады. Бірақ, амал қанша, өзі соны білмейді. Әкесінің құзыры солай. Бөкеш бастаған ересек балалар Мырза ауылындағы бастауыш орыс мектебіне қатынайды; олар атпен барады, ал өздеріне қар бірер жауғанша жөнді көлік тимейді, екі ауылдың арасында жаяу-жалпы малтығып жүреді...
Қаныштың бірақ жолы болды: ол оқуға барған кезде Обалыда Троицк медресесін тәмамдаған Жұмаш Жолдыбайұлы есімді жас білімпаз молдалық еткен (қазақ қауым ы на ол кезде мұғалім түсінігі енбеген, болса да ондай жандарды «өшетел» немесе бұрынғыша молда деп атаған). Жұмаш «молданың» алдында Қаныш екі жыл отырады. Көп жылдар Имекең тәрбиесінде болып, Кіші ауылда өскен Тармызи Әбсәләмұлы Имантаев бұл жайында: «Қанкенің оқуға зеректігі сонда-ақ мәлім болған. Ол біз құсап ескі оқуды әлденеше қыс мыжыған жоқ, сөзді де ежіктемей бірден оқып кетті. Мұхтасар мен биданды (арабша оқудың алғашқы басқыштары) тез меңгерді. Сол себепті би атам оны молда алдында көп ұстаған жоқ...» – деген куәлік айтады.
Сол жылдарда кішкентай Қаныш тағы бір ұстаздан дәріс алған. Әдетте, бұл сабақ өз үйінде, әкесінің алдында өтеді. Әмбе оның кесулі уақыты болмайды, қысы-жазы бірдей, екеуінің көңілі қалаған кезде жүреді.

  • Балам, жыр сабағын ұмытпалық. Кітабыңды әкел, – дейді әкесі.

Былғарымен тысталған қалың кітапты құшақтаған Қаныш әкесінің алдына келіп отырады да, саңқылдаған ашық дауыспен оқи бастайды. Оқуы аса жатық емес, әредік дұрыс оқып отырмын ба дегендей күдікпен әкесіне жаутаңдап қарайды. Кейде әлдебір сөзге тілі келмей кібір тіктеп те қалады. Кітаптың тілі балаға аса ұғынықты емес, түркі-шағатайша, кейбірі парсыша жазылған. Ақындардың есімі де бейтаныс: Руми, Сағди, Хафиз, Жә ми, Науаи... Сөйтсе де бұларды оқу – молдекең алдында шарт жүгініп отырып, Құранның түсініксіз аятын жаттағаннан әлдеқайда қызық. Көбіне оқитыны жүздеген бет ұзақ жырлар: «Жүсіп – Зылиқа», «Ләйлі – Мәжнүн», «Гүлстан», «1001 хикмет», «Диуана пәни».
Әкесі солардың кейбірін жатқа біледі. Кенж есі әлдебір сөзді ажырата алмай ежіктей бастаса, тұтас бір шумақтарды жатқа айтып, солардың мазмұнын да қазақшалап түсіндіреді. Тек екінші қайтара оқығанда:

  • Қане, балам, енді өзің айт, – деп сабырмен тосып отырады.

  • Һауер – қорқу, үрейлену. Пақыр – бейш ара. Ал хәль... хәль... – деп Қаныш кібіртіктесе, әкесі жалма-жан: «бір уақыт, сәт мезгіл, қас қағым», – деп сүйемелдейді.

Осылайша бірде парсыша, кейде арабша жүретін сабақ талай күн, талай сағаттарға созылып, айлап-жылдап жалғаса береді. Аны ғында жыр оқу жас шәкірт зеріккенше созылады. Бірақ оны зеріктіру де оңай емес. Баланың ұғымталдығы ғажап. Небір қиын сөз дерді, тұтас сөйлем, шумақтарды екі айтқызбайды, естіген сәтінде қағып алады. Оқуға құштарлығы да өзгеше. Білсем, көрсем деп ынтығып тұрады. Сыншыл әке перзентін әлде қызықтап, әлде болашағынан үміт күтіп: «Осы баламның зейіні бөлек, мұны анаумынау жең іл сөзбен шығарып сала алмайсың», – дейді екен...
Әке еңбегі зая кеткен жоқ. Талапты шәкірт ескі заман ақындарының асыл мұраларын өз бетінше оқитын болды...
(Арада көп жылдар өтеді. Сауықтыру орнында жатқанда, дос-жарандарымен бас қосқан мәжілістерде, оңаша қалып, ойға түскен сағаттарда Қаныш Имантайұлы парсы тілінде мақамдап сөйлеп кетер еді. Әдетте, бұл Қожа Хафиздің иә Омар Һайямның ғазалдары болады. Қасындағылар аңтаң. Қай уақытта оқыған, қалай үйренген?.. Шынында, ол парсы, араб ақындарының кейбір жырларын ғана білетін. Шаршаған, әлденеге қамыққан кезінде солардың мөлдір қайнарынан ләззат алып, бойын сергітіп, өзінше демалып отырар еді).
Баланың өлең-жырға, ән-думанға құштарлығын ауылдастары ерте аңғарған. Ауылғ а қонақ келсе, әсіресе домбыралы, қобызды меймандар топтап түсті ме – кішкентай Қаныш дегбірсіздене бастайды. Қиыла сұрайтыны – қонақкәде алу. Оның өтеуі – ертегі, жыр, ән. Әкесінің бір тізесіне жайғасып алып, жыршының аузына қарап телміреді де отырады. Есейе келе өзі де Бөкешке еліктеп домбыра шертетін болды. Үлкендер мадақтап: «Бізд ің Қанкежан да әнші болады, айналайын, айта ғой!» – деп көтермелесе, шырқап та жібереді.
Ақын-жыршылардың Айырықтағы Кіші ауылға ат басын жиі бұрып, еру болуы кездейсоқ емес-ті. Тегінде бұл – ауыл иесінің ел сөзін ұстап, би сайланғаннан бергі машығы емес, бойына ежелден біткен қалыбы. Сөз өнерін құдірет тұтқан сері һәм сауықшыл қауымға ол құрметпен қа райды. Әсіресе шешен сөйлеп, ел шежіресін төндіре шерткен зиялылармен сұхбат құр уға. Ал даулы іске билік айтқанда өзі де ескі билердің нақыл сөздерімен мақалдап сөйлейді.
Әрнеге еліктегіш кішкентай Қанышқа туған ағасы Бөкештің әуей өнегесі де айтарлықтай әсер еткен. Ғазекең келіні Шәрипа Смағұлқызының ауызекі әңгімеде бізге: «Ағатай қағазға өте ұқыпты кісі еді, әсіресе кітап жинауға. Семей мен Омбыға жолаушылап барғандарға ақша беріп, ылғи бір жаңа кітаптар алғызатын, – деген-ді. – Күн сайын бір беті ажырайтын күнтізбек алдырып, бірақ оны жырт қызбай, өткен күннің бетін жіптің астына қыстырып қоятын. Сол бетке ауа райын, желдің бағытын жазып, жауын-шашын иә боран келе жатқанын күн ілгері есептеп шығарып, ел-жұртқа ескертіп отыратын-ды...»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет