Имени с. Аманжолова


Дәріс 8: Сәби және мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесі негіздері



бет9/26
Дата06.02.2022
өлшемі434,5 Kb.
#76476
түріПрограмма дисциплины
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Дәріс 8: Сәби және мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесі негіздері.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Адам баласының өмірге келуі мен мектепке оқуға баруы арасындағы алғашқы жеті жыл уақыты оның келешек өміріне өте үлкен маңызы бар. Өйткені осы кезеңде адамның денсаулығы, әр түрлі қабілеттері, адамгершілік қасиеттері, мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Баланың денесін шынықтыру, өмірге керек қозғалыс шеберлігін қалыптастыру, гигиеналық әдеттерді бойларына сіңдіру үшін осы бір балалық балғын шақ өте бір қолайлы кезең.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесінің негізгі міндеттері үш үлкен топқа бөлінеді: білім беру , денсаулықтарын нығайту, тәрбиелеу. Ағзаның дамуы екі түрлі болады: дене дамуы және функциялық даму. Дене дамудың көрсеткіштері: адамның бойы, салмағы, кеуде клеткасының көлемі, дене мүшелерінің ұзындығы т.с.с.
Сәби және мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттерін дұрыс орындау үшін үш топ дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады: 1) негізгі гимнастика; 2) қозғалмалы ойындар; 3) спорттық түрі жаттығуларының қарапайым түрлері;
Дене тәрбиесі сабақтарының, жаттығуларының негізгі түрлері: таңертеңгілік гимнастика, дене тәрбиесі сабақтары, қозғалмалы ойындар, сергектік сәттері, дене мәдениеті мерекелері, өзбетімен дене жаттығуларын орындау.
Әдебиет: негізгі [1-8], қосымша [1,2,4,6]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет