Тақырып 8. Қимыл әрекетке үйрету құрылысы
Сабақты өткізу түрі: Іс-тәжірибе сабағы.
Тапсырма: Сабақтың міндеттерін қоя білу және оған лайық үйрету амалдары мен әдістерін таңдай білу.
Топтың сабаққа дайындығын анықтайтын сұрақтар:
Мына түсініктерге анықтама беріңдер «қозғалыс шеберлігі», «қозғалыс дағдысы», «жоғарғы қозғалыс шеберлігі »
Қозғалыс әрекетін үйретудің кезеңдерін ата.
Оқу үрдісі кезінде пайда болатын қателерді атаңыз. Олардың пайда болу себебі және оларды түзету ережелерін айтыңыз.
Жұмыс ағымы:
1. Төменде көрсетілген жаттығуларды үйрену кезеңдерін және жеке міндеттерін атаңыз:
а) Ауыспалы екі адымды шаңғымен сырғанау. .
б) Кіші допты «арқадан иық арқылы» техникасымен, лақтыру бағытына жанымен тұрып қашықтыққа лақтыру.
в) Жүгіріп келіп биіктікке «аттау» әдісімен секіру.
2. Қойылған міндеттерге, үйрету кезеңіне байланысты, үйрету амалдары мен әдістерін таңдау.
Әдістемелік ұсыныстар: Іс-тәжірибелік тапсырмалар орындау, сұрақтарға жауап беру.
Әдебиеттер: негізгі [2,5,8,12], қосымша [2,5,7]