БӨЖ
Тақырыбы: Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандық өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың қызметі әлемдік қарым-қатынастар аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі күнгі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: «бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.»\1\
Еліміз жоғарыдағы проблемаларды шешу мақсатында бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады.
Стратегияның негізгі мақсаты – ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзу. Бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ. Бағдарламада сауда саясаты, инвестициялық саясат, еңбек ресурстары, білім беруді дамыту, кадрлар даярлау, денсаулық сақтауды дамыту, қаржы рыногын дамыту, фискалдық саясат, ғылымды дамыту, ғылыми-техникалық және инновациялық саясат, стандарттау және сертификаттау саласындағы саясат, инфрақұрылым, электр энергетикасы саясаты, ақпараттық саясат,телекоммуникацияларды дамыту, көлкті дамыту, тариф саясаты мен бәсекелестікті қорғау, экологиялық саясат мәселелері де қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты жолдауында елдің индустриалдық-инновациялық дамуының нәтижелері мен бағыт-бағдары анық көрінеді: «Оның жүзеге асуының бірінші жылының нақты нәтижелері бар. Біз 152 кәсіпорынды қолданысқа бердік, 24 мыңға жуық қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз еттік. Ел бойынша барлығы сегіз жүз әртүрлі өндіріс ошақтары құрылды. Біз химия және жеңіл өнеркәсіптің белсенді түрде қалпына келуі және дамуы процесін бастадық, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде секіріс жасадық»/2/.
Мемлекетіміздің даму стратегиясындағы инновациялық бағыт – бұл ұрпақ үлесін ғасырлар қойнауына апаратын сара жол. Тәуелсіздік алғаннан бері 21 жыл ішінде еліміз ғасырға татитын жетістіктерге жетіп, дамудың инновациялық жолына түсті. Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл ретте Қазақстан өзінің тәуелсіздігін одан әрі нығайту мақсатында мемлекеттік құрылымның әр түрлі саласында өркениетті елдердің үлгілеріне сай келетін түбірлі инновациялық жаңаруларды жүзеге асыру кезеңін басынан кешіріп отыр.
«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003- 2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: «əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.»\3\
Саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын əртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу және ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк- технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркəсiпте жəне қызмет көрсету саласында бəсекеге түсуге қабiлеттi жəне экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар жəне қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық- инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Бəсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кəсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркəсiптiң өнiмi осындай əлемдiк стандарттарға сəйкес келуi керек жəне баға бойынша бəсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық жəне өндiрiстiк əлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бəсекелестiк артықшылықтарды алуға жəрдемдесуге тиiс.
Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс: «Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жəрдемдесу . Жоғары ғылыми-технологиялық əлеуетi бар ғылыми- техникалық жəне өнеркəсiптiк ұйымдар мен кəсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми жəне инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми- технологиялық аймақтар жəне c.c.) қолдау.»\4\ Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық əлеует салаларын пайдалану. Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы əзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде: биотехнологиялар; ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнiмдер жəне басқаларды жасау. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар жəне ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау. Ғылыми-техникалық жəне өндiрiстiк ұйымдар мен кəсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркəсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.
Сонымен қатар Қазақстанның индустриялды инновациялық дамуына кедергі келтіретін бірнеше факторлар бар.Олар кестеде көрсетілген.
Ескерту- мәліметтер Қазақстан республкасының статстика жөнінде комитеттің ресми сайтынан алынды www://stat.gov.kz
Индустриалдық — инновациялық саясатты iске асыру нəтижесi 2015 жылы мұнай жəне газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркəсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне əкелмейдi. Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асыру: «ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту; ¾ ЖIӨ құрылымындағы ғылыми жəне ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру; ¾ ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркəсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады); ¾ Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асырмаса, өнеркəсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % жəне 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру — 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн жəне жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi. Өңдеу өнеркəсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия жəне металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркəсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %- тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте 4 ғылымды қажетсiнетiн жəне жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды. Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы жəне зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды.» /5/.
Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады жəне экономика салаларын əртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру.
Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Аталмыш кезеңде индустриялық өнімдер өндірісінің артуы осы сала құрылымындағы жағымды өзгерістермен байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия мен азық-түлік және текстиль индустриясы өнімдерін өндіру және өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі айтарлықтай мөлшерде артты.
Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз . Индустриялық өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру қажет. Өйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік береді.
Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке ұмтылғандығының айғағы. Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриализация деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен перспективасын, қазіргі әлемдік шаруашылықтағы орны мен рөлін ақтайтын басты фактор болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отын- энергетикалық ресурстар, құнды және сирек кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен, өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және өңдеудің күшті индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда машина құрылысының көп профильді жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі тауарлар өндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы нашар дамыған, химиялық индустрия, мұнай, газ және көмірсутек шикізаттарды өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды.
Сонымен бірге, алдағы кезде осынау берері мол бағдарлама ауқымындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін еске салды . «Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асырмаса, өнеркəсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % жəне 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру — 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн жəне жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi. Өңдеу өнеркəсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия жəне металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркəсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %- тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн жəне жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды. Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы жəне зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды». /6/.
Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады жəне экономика салаларын əртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі əрі бірегейі Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы – Үдемелі индустриялық- инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың бір тетігі. Аталған бағдарлама төрт бағыттан тұрады. Олар – «жаңа бизнес бастамаларды қолдау, кəсіпкерлік секторды сауықтыру, кəсіпкерлердің валюталық тəуекелдерін төмендету жəне кəсіпкерлік əлеуетті күшейту»\7\ .Кəсіпкерлерден «банктерден неге несие алмайсың?» деп сұрасаңыз, олар «несие өсімі тым жоғары» деп жауап береді.
Мемлекет банктерден несие өсімін төмендетуді талап ете алмайды. Өйткені, банктер – нарық құралдары болып табылады, олар бəсекелестік ортада жұмыс істейді. Сондықтан да өз қызметінің бағасын өздері белгілейді. Десе де, мемлекет маңызды мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру үшін берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтеп бере алады. Бұл – пайыздық өсімді субсидиялау деп аталады. «Егер кəсіпкер банктерден өсіммен несие алса, мемлекет соның жартысын субсидиялау арқылы жауып береді. Бизнесмендер бұл үнемделген қаржыға кəсіпорынның əлеуетін нығайтады немесе жұмысшыларының жалақысын өсіруге жұмсайды»\8\.
Мемлекет осы бағдарлама аясында мұқтаждарға тегін инфрақұрылым, яғни, жол салып, су жəне газ құбырын, электр желісін тартып береді. Экспортқа өнім шығаратын кəсіпорындардың несиелік өсімінің бір бөлігін субсидиялайды. «Кəсіпкерлік əлеуетті күшейту» бағыты бойынша жұмыс істеп жатқан бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсетіледі. Шағын жəне орта бизнестің топ-менеджментін оқытуға, өндірісті шетелдік серіктестермен іскер байланыс орнату арқылы жаңарту, жаңғырту жəне ұлғайтуға кадрларды еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар бойынша əзірлеу жəне қайта даярлаудан өткізу сияқты мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Индустриалды-инновациялық саясатты мемлекет тарапынан келесідей шаралар қолдану арқылы ғылыми тұрғыда қамтамсыз етуге болады:
«· Ғылымды əлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде анықтау;
Ғылыми сиымдылығы мол, ресурстарды үнемдеуші, экологиялық таза өнім шығаруға бағытталған жəне экспортқа 8 бағытталған жоғары технологиялық өнім өндіруге арналған зерттеуерді дамыту;
Ғылыми жетістіктердің тəжірибелік тұрғыда іске асуын қамтамасыз ететін тетіктер жүйесін құру мен ынталандырушы жағдайларды жасау;
Экономиканың жаңалықтарды қабылдау мүмкіндігін арттыру (сұранысты ынталандыру) жəне соларды отандық ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді қолдану арқылы қамтамасыз ету (ұсынысты ынталандыру);
Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық базаны нығайту;
Кадрлық мүмкіншіліктерді сақтап қалу мен дамыту, ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша жоғары дəрежеде білікті ғылыми кадрларды даярлау жəне аттестациялау;
Ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында ғылыми ұйымдарды аттестациялау мен аккредиттеу жүйесін жетілдіру;
Ғылымның мемлекеттік емес секторын құру жəне дамыту, оған мемлекет тарапынан қолдау тетіктерін дайындау;
Жас дарынды ғалымдарға қолдау көрсету;
Мамандарды əлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарынан тəжірибеден өткізу;
Ғылыми зерттеулерді грант негізінде қаржыландыру тетіктерін құру мен жетілдіру;
Қазақстан ғылымын халықаралық ғылыми-технологиялық қоғамдастығымен интеграциясын қамтамасыз ету.» /9/.
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметке үлкен көңіл бөлінеді. Өйткені оның түпкілікті нəтижесі болып өндірістің тиімділігінің артуы, еңбек пен капитал тиімділігінің артуы, жоғары технологиялық өнімнің көлемі табылады, ал бұлар, өз кезегінде – мемлекеттің экономикалық қуаттылығын білдіреді.
Индустриалды дамыған елдерде кадрларды даярлауға, өндірісті ұйымдастыруға, технологиялардан, жабдықтардан көрініс табатын жаңа білім алуға ЖІӨ өсімінің көп бөлігі жұмсалады. Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық мəселелері болып бəсекеге қабілетті өнімдер алуға бағытталған отандық ғылыми сиымдылығы мол өндірістерді дамыту, жаңа ақпараттық технологияларды дайындау мен игеру, сондай-ақ республиканың өндірістік жəне ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін сақтап қалу мен дамыту арқылы ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады.
Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді белсенді етуге, жаңа технологиялық үрдістерді іске қосуға, өңдеуші өнеркəсіптерде жаңа бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық мүмкіншіліктерді дамытуға, ғылым мен өндіріс арасындағы ажырастықты қалпына келтіруге, инновация саласындағы қызметтерді ынталандыруға, алдыңғы қатарлы шет елдік технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз етіп, халықаралық стандарттарды енгізуге ынталы.
Ғылыми-техникалық салада кəсіпкерлік секторды қалыптастырмай, инновация саласын дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркəсіптік өндіріс құрамындағы жəне еңбекпен қамтамасыз етілгендер санындағы шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып, сəйкесінше аз көрсеткіш құрап отыр. Бұл көрсеткіштер индустриалды дамыған елдермен салыстырғанда бірнеше есе аз.
Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біз бəсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бəсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық ұлттың инновация, кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық» деген тұжырымдар бар. Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік экономикалық саясаттын қалыптастырады жəне экономика салаларын əртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған. Өңдеуші өнеркəсіпте жəне қызмет көрсету саласында бəсекеге түсуге қабілетті жəне экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Индустриялық саясат дегеніміз мемлекеттің бəсекеге түсуге қабілетті жəне тиімді ұлттық өнеркəсіпті қалыптастыру үшін кəсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға жəне қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік Стратегиясы 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған Стратегиялық жоспарда белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуі, сондай-ақ одан кейінгі жылдары қазақстандық экономиканың сервистік-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негіздерін құруы тиіс.
«Стратегияның басты мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын əртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Мемлекеттің экономикалық жағдайы мен экономикалық өнімнің мықты көрсеткіші алғышарттарын алдыңғы технология мен инновацияның жұмыскерлердің кəсіпқойлығының артуы қамтиды»\10\.
Инновациялық саясаттың іске асуының белсенділігі негізгі қаржы мəселесіне, оларға деген экономикалық қажеттілікті анықтайтын нарықтық сұранымға, бəсекелік ортаның дамуына, ғылыми-техникалық əлеуеттің дамуын, тұрғындардың менталитеті, олардың білім мен мəдени деңгейі жəне сыртқы экономикалық байланысқа тəуелді .Қазір Қазақстан – үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған мемлекетке айналды. Мемлекеттің бəсекеге қабілетін көрсететін басты нəрсе – экономикасы. Экономиканың бəсекеге қабілетті болудың басты бағыты — инновациялық экономика құру жəне шикізаттық емес секторды дамыт отырып инновациялық процесстерге бет бұру .
Инновациялық процесстерге бет бұру дегеніміз – бұрынғы даму жолдарын өзгерту, қоғамның барлық саласының даму динамикасын жаңарту, ғылыми-техникалық дамуға жаңа стимул беру мақсатында жұмыс істеу. Инновациялық жобаны іске асыру үшін ең алдымен жобаның түрлері мен əдістерін анықтау. «Инновациялық саясаттың басты мақсаты – отандық өнімдердің бəсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, осы арқылы еліміздің əл-ауқатын көтеру жəне қоғамның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.»\11\
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін одан әрі нығайту мақсатында мемлекеттік құрылымның әр түрлі саласында өркениетті елдердің үлгілеріне сай келетін түбірлі инновациялық жаңаруларды жүзеге асыру кезеңін басынан кешіріп отыр. Біздің алдағы мақсатымыз – елімізде болып жатқан демократиялық сипаттағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы инновациялық өзгерістердің мәнін жете түсіну үшін ғылыми-әдіснамалық және қол данбалық зерттеулер жүргізу, оларды жүзеге асыру шарттарын анықтау мен оған ғылыми болжам жасау болып табылады. Міне, соған байланысты Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуының жаңа принциптерін ұсынып, индустриалды-инновациялық даму бағытын алға тартып отыр: «Барлық мемлекеттер өткен ға сырдың басында индустрияландырудан өтті, Қазақстанда ол 30-жылдары болды. Бірақ мұндай индустриялизация бізге жарамайды, біз инновациялық индустриялизация туралы айтып отырмыз және ол бүгінгі күнгі әлемдік экономиканың тәртібіне сәйкес келуі керек» /12/.
Кейбір сарапшылар инновация түсінігін экономикалық шеңберден шығарып, оны адамгершілік-мінез-құлықтық құрамдас бөлігін алғашқы орынға шығарып жібереді. Яғни, бұл мағынада инновация ішкі өзгерістерді білдіріп, уақыт қажеттілігіне байланысты адамдар санасының «реформасын» көрсетеді: «Меніңше, индустриалды-инновациялық даму – бұл қоғамдық институттардың сапалық өзгерісі, яғни тек қана технологиялық емес, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік және рухани жаңаруы». Бірақ сарапшылардың басым көпшілігінің қабылдаулары бойынша инновациялар мейлінше қолданбалы мағынаға ие және ғылыми-техникалық прогрестің жемісі ретінде оны өндіріске енгізу деп түсінеді. Осы түсініктен шығып, сарапшылармен бірқатар міндеттер қояды, олар индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асыру барысында шешімін табады. Ең алдымен, бұл – экономиканың диверсификациясы, оны шикізаттық бағыттылығынан өзгерту: «Елде өнеркәсіптік және өндірістік нысандарды ұлғайту қажет. Қазақстан шикізат өндіруші ел болып қала бермеуі керек. Шығыс Азия елдерінің тәжірибесін есепке ала отырып, ғылыми-техникалық бағытты дамытып, шағын және ірі техникаларды өндіруді бастау қажет. Шикізат өзімізде өндірілгендіктен экономикалық тұрғыдан бұл тиімді әрі сапалы болмақ»/13/.
Келесі міндет, ол инновациялық даму шеңберінде шешуді талап ететін – әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарынан тиімді өту. Әлемдік дағдарыс айқын түрде көрсеткеніндей, мемлекеттің барлық экономикалық құрылғыларының әлсіз жақтарына әсер етеді. Бұл тек қана өңдеуші салалардың дамымағандығы мен экономиканың шикізаттық бағыттылығы емес, сонымен бірге экономиканың бөлек секторларының әлсіздігінен.
«Дағдарыс жағдайында алып сатарлық капитал негізінде өскен экономикалық «көпіршіктер» жарылғанда жаңа нарықтар мен инновациялық өнімдерді іздеу қажеттілігі туындады. Үшіншіден, маңызды мәселелердің бірі, инновациялық дамумен байланысты – бұл адам капиталының сапасын көтеру.»\14\
Жаңа индустриалды-инновациялық саясат шеңберінде жоғары кәсіби білікті мамандар класын қалыптастыру жоспарлануда, ол өз кезегінде елде заманауи өнеркәсіп орындарын ашуға, жоғары қосымша құны бар өнім өндіруге және өндірістен қол үзбей ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктер ашылады. Ол үшін елімізде білім беру саласын қаржыландыру көлемі ұлғайтылуда, студенттерді шетелде тәжрибеден өткізу жүйесі белсенді түрде жүргізілуде, орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау мәселесі қарастырылуда. Соған байланысты индустриалды-инновациялық экономикаға өту сарапшылардың бағасы бойынша дамудың қалыпты кезеңі ғана емес, ол сонымен бірге Қазақстан мемлекеті үшін таңдаусыз жол және өз кезегінде таяу жылдарда Азия елдерінің, сонан соң әлемнің мейлінше бәсекеге қабілетті ел ретінде ортаға шығуды мақсат қойып отыр.
Ендігі жерде біз, Қазақстан қоғамының инновациялық даму деңгейінің ағымдық бағасын байқайтын боламыз. Бізге белгілі, инновацияларды енгізу – үлкен еңбекті қажет ететін процесс және тек қана мемлекеттік институттардың күшін ғана емес, сонымен қатар кең түрде қоғамның белсенді қатынасуын да талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |