«Инфекциялық аурулар» пәні бойынша «Жалпы медицина» факультеті 6 курс интеріндеріне арналғанаралық бақылау сұрақтары



бет24/24
Дата20.11.2023
өлшемі65,64 Kb.
#192351
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
«Инфекциялы аурулар» п ні бойынша «Жалпы медицина» факультеті 6

+менингококты назофарингит

Лептоспироз


Безгекпен
Бруцеллез
Сальмонеллез

299.Орташа ағымды вирусты гепатитпен науқастың емі:


спазмолитиктер
өт айдайтын шөптер
глюкокортикостероидтар
+ базистік терапия +
десенсибилизациялық терапия

300.Жедел бауыр энцефалопатиясының клиникалық белгісі:


- билирубиннің жоғарлауы, сарғаюдың күшеюі
++интоксикация, саргаюдың күшеюі, бауырдың кішіреюі +
-АСТ, АЛТ ферменттерінің белснділігінің жоғарлауы
-бауырдың үлкеюі, сарғаюдың күшеюі
-әлсіздік, сарғаюдың күшеюі, тимол сынамасының жоғарлауы

301.45 жастағы ер адам, жедел жәрдем машинасымен ауруханаға жеткізілді. Көп рет құсуға, эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне, жиі ішінің өтуіне шағымданады. Анамнезде: түнде оянып, қалтырау сезген; одан кейін жүрек айнуы, құсу, іш өтуі пайда болған. Кеше кешкісін тойда болып, әртүрлі тағам жеген. Қарап тексергенде: температура - 37,5°С, көру қабілеті нашарламаған. Іші кеппеген, эпигастрий аймағында ауырады. Ішек спазмы жоқ. ҚҚ - 90/60 мм с. б., пульсі - 120 рет/мин. Зәрі жоқ. Нәжісі көп мөлшерлі, сулы, "ет жуындысы" тәрізді. Қай диагноз ықтимал?+тағамдық токсоинфекция


302.40 жастағы әйел адам дене қызуының жоғарылауына, бас ауыруына,ішінің толғақ тәрізді ауыруына,ішінің жиі өтуіне шағымданады. Бүгін нәжісте қан байқаған. Жедел жәрдем машинасын шақырған. Көкөніс сататын базарда сатушы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: дене температурасы - 38,1°С.Жүрек тондары анық, пульсі -92 рет/мин., ҚҚ - 110/60 мм с. б.Бауыры ұлғаймаған. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауырады, сигма тәрізді ішек жиырылған. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған. Қандай этиотропты дәрі тиімді болып табылады?+ципрофлоксацин


303.30 жастағы ер адам ауруының 7-ші күні курацияға қабылданған. Науқас дене қызуының 390С-қа жоғарылауына, бас ауыруына, ұйқысыздыққа шағымданады.Есі анық, әлсіз, тежелген. Сұрақтарға көңілсіз жауап береді.Тері жабындылары бозғылт. Жүрек үндері бәсеңдеген. Пульсі - 90 рет/мин. ҚҚ - 90/60 мм с.б. Іші кепкен. Оң жақ мықын аймағында перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады. Бауыры 1,0 см-ге ұлғайған, консистенциясы жұмсақ. Нәжісі сұйық, екі рет болған. Тәжікстаннан келген. Гемограммада: эр.- 4,6х1012/л, Нb - 128 г/л, лейк. - 2,2х10л, т/я-17%, с/я-52%, м.-6%, л.- 24%, СОЭ-25 мм/сағ. Қайндай зерттеу әдісі диагнозды нақты анықтайды?+гемокультура қанды бактериальды себу


304.36 жастағы ер адам, жедел жәрдем машинасымен ауруханаға жеткізілді, бас айналуына, эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне, көп рет ішінің өтуіне шағымданады. Екі күн бойы ауырып жатыр. Одан бір күн бұрын грильде піскен тауығын жеген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 85/60 мм с.б. Пульсі – 95 рет/мин. Іші жұмсақ, кіндік айналасында ауырады. Іш пердесінің тітіркену белгілері жоқ. Нәжісі сұйық, нашар иісті, жасыл түсті. Зәрі жоқ. Қандай дәріні алдымен тағайындау керек?+тұзды ерітінділер


305.44 жастағы ер адам терапевтке ауызының құрғауына, көзінің нашар көруіне, көз қабақтырының ауырлығына шағымданып келген. Кеше тойда болып көп ішімдік ішкен, әртүрлі тағам, тұздалған қияр, қызанақ, саңырауқұлақтар жеген. Қарап тексергенде: есі анық, көз қабақтарының птозы, мидриаз, страбизм байқалады. Дауысы мыңғырлаған. Жүрек тондары бәсең. Пульсі - 118 рет/мин., ҚҚ - 90/60 мм с.б. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы әлсіз. Қандай диагноз ықтимал?+ботулизм


306.25 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген, көп рет құсуға жәні ішінің өтуіне, шөлдеуге шағымданады. Кеше Үндістаннан келген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз. Жүрек тондары бәсеңдеген,пулсі - 105 рет/мин. ҚҚ – 80/60 мм с.б.,дауысы сырылдаған. Іші қабысқан, ауырмайды. Нәжісі сұйық, «күріш қайнатпасы» тәрізді, иісі жоқ. Диагнозды дәледдеу үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?+тырысқақ –нәжісті бактериальды себу


307.25 жастағы әйел қабылдау бөліміне келген, дене қызуының жоғарылауына, антибиотик қабылдағаннан кейін бөртпенің пайда болуына шағымданады. Бес күн бойы ауырады. Күніне 2-3 рет іші өткен. Шикі көкөністерден жасалған салаттарды жиі қабылдайды. Қарап тексергенде: дене температурасы 38,50С. Аңқасы таза. Мойын аймағындағы, қолтық астындағы лимфа түйіндер улкейген. Денесінде, қол-аяқтарында ұсақ дақты бөртпе анықталады. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауырады. Ішінің құрылдауы байқалады. Бауыры +1,0 см. Қандай диагноз ықтимал?+ішектік иерсиниоз


308.26 жастағы әйел адам, гестация мерізімі 19-20 апта, тұрақты түрде басының ауыруына, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, тершеңдікке, ірі буындарының ауыспалы ауыру сезіміне шағымданады. Екі апта бойы ауырады. Ет сататын базарда жұмыс істейді. Қарап тексергенде: температура 38С, алақандары ылғалды, барлық лимфа түйіндер үлкейген, бауыры 1,0 см-ге ұлғайған. Райт реакциясы - 1:800, Хеддльсон реакциясы – «оң». Қандай емдеу шарасы дұрыс болып табылады?+антибиотик, Рифампицин *900мг/тәу/3рет 45 күн\0.3г*3 рет

309.40 жастағы әйелді екі жыл бойы оң жақ шұнтақ және оң жақ тізе буындарының ауыру сезімі,тершеңдік, тітіркенгіштік мазалайды. Жеке сатушылардан алған ірімшік пен қаймақты жиі қолданады. Объективті: оң жақ шұнтақ буынының аймағындағы сұйықтыққа толған ісіну, оң жақ тізе буынының ісінуі байқалады. Қозғалысы буындардың ауыру сезімін шақырады, қимылдары шектелген. Гемограммада: э.-4,3 х 1012/л, гем.-145 г/л, Л. - 4,0 х 109/л, т/я - 1%, с/я. - 47 %, л. - 45%, м. - 6%, СОЭ – 15 мм/сағ. Райт реакциясы - 1:400, Хеддльсон реакциясы – «оң». Антибактериальді терапияның қандай кестесі дұрыс болып табылады?


+доксициклин 0.1 г*2 рет + рифампицин 0.3*2 рет-45 күн


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет