*+III (третья)
* IV (четвертая)
* Терминальная
*!АИВ-инфекциясымен ауырған 30 жасар ер адамды тексеру барысында ауызының шырышты қабатында өзгерістер анықталған – тілдің бүйірінде және қызыл иекте жіп тәрізді ақ түсті түзізілімдер көрінеді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Өкпедегі тынысы везикулярлы. Жүрек тондары анық. Бауыры мен көк бауырының өлшемдері қалыпты.
Қандай патология еңі ықтимал болып табылады?
#* Саркома Капоши
* Афтозный стоматит
* Кандидоз полости рта
* Сквамозно-клеточная карцинома
*+Волосатая лейкоплакия
*!Ер адам, 37 жаста, режиссер, терапевтке келген. Шағымдары: мұрынмен тыныс алуының қиындауы, мұрынның шырышты қабатының кебуі, денесі мен қол-аяқтарында күлгін-көк түсті дақтар мен түйіндердің пайда болуы, әлсіздік. Бір жыл ішінде жағдайы нашарлаған, дене қызуы жоғарылап, денесінде дақтар пайда болған. Соңғы үш ай ішінде мұрынмен тынысы қиындап, тері-патологиялық үрдісі күшейген. Науқас 7 жыл бойы көк тамырға есірткі қабылдайды. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауыр. Дене қызуы - 37,2оС. Мұрын арқылы тыныс алу қиын. Ауыз қуысында бірнеше қызыл-көкшіл папула, жұмсақ консистенциялы түйіндер бар. Перифериялық лимфа түйіндері үлкейген, ауыру сезімі жоқ. АИВ-на ИФА «оң». CD4-лимфоциттер деңгейі - 300 жасуша.
Қандай диагноз ең дұрыс болып табылады?
#+ВИЧ-инфекция (клин стадия 3)
*!Әйел адам, 34 жаста, тұрақты мекен жайы жоқ. Дәрігерге келген. Шағымдары: 3 апта бойы дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік. ЖИТС-пен күресу орталығында 2010 жылдан бері есепте тұрады. Көк тамырға есірткі қабылдайды, екі рет бостандықтан босатылған. АРТ қабылдамайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, Т - 37,3оС. Білектер терісінде инъекция іздері көрінеді. Ауыз-жұтқыншақта: шырышты қабаты қызарған, ісінген, қызыл иектің, аңқаның шырышты қабатында «сүзбе» тәрізді, ақ түсті дақтар байқалады. Мойын, жақ асты, аксиллярлы, кубитальді лимфа түйіндер үлкейген, ауыру сезімі жоқ. Пульсі - 82 рет/мин. Бауыры +2 см.
Лабораторлық мәліметтер: СД4-жасушалар деңгейі - 120, вирустық жүктеме - 580.000 копия/мл.
Қандай диагноз ең дұрыс болып табылады?
#+ВИЧ-инфекция
*!Әйел адам, 25 жаста. Шағымдары: денесінің бүйіріндегі ауыратын бөртпенің пайда болуы, әлсіздік, қызба. Анамнезде: 4 жыл бойы ЖИТС-пен күресу ортылығында есепте тұрады, АРТ қабылдаймайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, терісінің түсі қалыпты. Денесінің сол жақ бүйірінде, қабырға арасының бойында топтасып орналасқан везикулезді бөртпелер көрінеді, кейбіреулері ашылған. Терісі қызарған. Іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ. Бауыры мен көк бауыры ұлғаймаған. Жалпы қан анализі мен биохимиялық анализінің көрсеткіштері қалыпты деңгейде.
СД4-жасушалар деңгейі - 320, вирустық жүктеме - 106000 копия/мл.
Қандай диагноз ең дұрыс болып табылады?
#+ВИЧ-инфекция
*!Әйел адам, 35 жаста, 4 жыл бойы ЖИТС-пен күресу ортылығында есепте тұрады, АРТ қабылдаймайды. Шағымдары: дене қызуының 6 ай бойы жоғарылауы, тамағының және ауыз қуысының ауыруы, бас ауыруы. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, терісінің түсі қалыпты. Ауыз-жұтқыншақ: ауыз бен тілінің шырышты қабатында ақ түсті борпылдақ жабындылар (сүзбе тәрізді) көрінеді. Перифериялық лимфа түйіндері 1 см-ге дейін үлкейген.
Қандай диагноз ең дұрыс болып табылады?
#+ВИЧ-инфекция
*!Ер адам, 23 жаста, емханаға келген. Шағымдары: әлсіздік, дене салмағының азаюы, дене қызуының 20 күн бойы 37,3°С-қа дейін жоғарылауы. Қарап тексергенде: ауыз қуысының кандидозы, полилимфаденопатия. Анамнезде: бір жылдың ішінде пневмониямен, белдемелі герпеспен ауырған; пассивті гомосексуалист, бір жыл бұрын жыныстық серкітесін ауыстырған. Дәрігер АИВ-инфекциясын күдіктенген.
Аурудың қандай клиникалық кезеңі ең ықтимал болып табылады (ДДҰ жіктелуі бойынша)?
#* I (первая)
* II (вторая)
*+III (третья)
* IV (четвертая)
* Терминальная
*!Ер адам, 24 жаста, 12 күн бойы ауырады, дене қызуы 38,2°С-қа дейін жоғарылаған, тамағының қышуы, әлсіздік мазалаған. Аурудың 7-ші күні қарап тексергенде: жағдай орташа ауырлықта. Дене қызуы – 37,4°С. Ауыз-жұтқыншақтың шырышты қабаты қызарған,, бадамша бездері үлкейген, жабындылар жоқ. Қолтық асты, жақ асты, мойын алдындағы және артындағы, шап лимфа түйіндері 1,5 см-ге дейін үлкейген, ауыру сезімді. Бауыр мен көк бауыр ұлғаймаған. Анамнезде: жыныстық серіктесі 2 жыл бойы есірткі қабылдайды. Жалпы қан анализінде: Hb – 140 г/л, лейкоциттер – 4,5х109/л, т/я – 4%, с/я – 22%, лимфоциттер – 68%, моноциттер – 6%, ЭТЖ – 10 мм/сағ. Лимфоциттер арасында ақшыл түсті, кең протоплазмасы бар 12% жасушалар анықталады. Пауль-Буннель реакциясы – теріс, RW – теріс.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
#* Ангина
* Лимфома
*+ВИЧ-инфекция
* Аденовирусная инфекция
* Инфекционный мононуклеоз
*!Әйел адам, 32 жаста, тойға қатысып, келесі күні ауырып қалған. Жүрек айнуы, 2 рет құсу, бұлшық еттердің айқын әлсіздігі, ауыздың құрғауы, көру қабілетінің бұзылуы, көз қабақтарының ауырлығы, жұтынудың қиындауы, айқын ентігу пайда болған. Объективті: дене қызуы – 36,8С. ТАА - 35 рет/мин. Стробизм. Көз қабақтарының птозы.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
#*+Ботулизм
* Сальмонеллез
* Сахарный диабет
* Пищевая токсикоинфекция
* Острое нарушение мозгового кровообращения
*!Ер адам, 22 жаста, ауруханаға ауруының 4-ші күні жеткізілген. Шағымдары: ауыздың құрғауы, көзінің қосарланып, анық емес көруі, тыныстың қиындауы, шашалуы. 4 күн бұрын қонақта әртүрлі тағам жеген – салаттар, кәуәб, консервіленген қызанақ, шарап ішкен. Келесі күні әлсіздік, ауыздың құрғауы, ішінің ауыруы, 2 рет құсу пайда болған. Кейін көз алдында «тор», көзінің қосарланып, анық емес көруін байқаған, жұтынудың қиындауы, дауыстың сырылдауы пайда болған. Қарап тексергенде: есі анық, көз қабақтарының птозы, мидриаз. Сұйық тамақты қиналып жұтады.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
#*+Ботулизм
*!Әйел адам, 65 жаста. Шағымдары: қалтырау, басының қатты ауыруы, дене қызуының жоғарылауы, оң жақ саны мен балтыр аймағындағы кернеу, қызу сезімі және қызаруы. Ауру алдында педикюр жасаған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы - 39°С. Statuslocalis: оң жақ саны мен балтыр аймағында шекаралары анық, айқын гиперемия, ісіну, жергілікті гипертермия анықталады.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
#*+Тілме.Эритематозды түрі
*!Ер адам, 42 жаста, жедел ауырып бастаған. Қарап тексергенде: дене қызуы - 37,7°С. Statuslocalis: бетінің оң жағында - в области правой щеки – гиперемиямен қоршалған, түбі қөңыр-қара түсті ауырмайтын жара байқалады. Беті ісінген. Жақ асты, мойын лимфа түйіндері үлкейген.
Сипатталған патологиялық үрдіс қандай асқынудың дамуымен қауіпті болып табылады?
#+Асфиксии (удушья), гнойный менингит, тромбоз кавернозного синуса
*!Ер адам, 45 жаста, емханаға келген. Шағымдары: сол қолының саусағындағы жара. Кәуәб даярлаушы болып жқмыс істейді. Бір апта бұрын қолын кесіп алған. Ауруы бес күн бұрын басталған. Ауруының 4-ші күні саусағындағы жараны байқаған. Жараның ауыру сезімі жоқ, бірақ қолы шынтаққа дейін ісінген. Жағдайы орташа ауырлықта. Status localis: оң қолының ортаңғы саусағында түбі қара түсті жара орналасқан, айналасы қызарған. Оң жақ қолтық астындағы лимфаденит.
Қан анализінде: лейкоциттер – 20х109/л, т/я нейтрофилдер – 4 %, с/я нейтрофилдер – 88 %, лимфоциттер – 6 %, моноциттер – 2 %.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады:
#+сибирская язва, кожная форма
*!Ер адамды (25 жаста) жоғары фебрильді қызба, айқын бас ауыруы, беті мен мойынының гиперемиясы, миалгия мазалайды. Эпидемиологиялық анамнез: кене шаққан. «Кенелік энцефалиттің ықтимал жағдайы» диагнозы қойылған.
Аурудың қай түрі дамыған?
#+клещевой энцефалит, лихорадочная форма
*!Талгар қаласының тұрғыны, 6-шы маусымда жедел ауырып бастаған: бас ауыруы, әлсіздік, жүрек айнуы пайда болған, дене қызуы 390С-қа дейін жоғарылаған. Объективті: жағдайы ауыр. Бөртпе жоқ. Жоғары қызбамен және жалпы милық белгілермен қатар, науқаста «кеудесіне иілген басы» байқалады. Аурудан бес күн бұрын кене шаққан.
Қандай диагноз ең дұрыс болып табылады?
#+клещевой энцефалит, менингоэнцефалополиомиелитическая
*!Әйел адам 38 жаста, Оңтүстік-Қазақстан обылысының Созақ ауданының тұрғыны. 4 күн бойы дене қызуы жоғарылаған, әлсіздік, бас ауыруы, дененің сынып ауыруы мазалаған. Бүгін мұрнынан қан кеткен. Объективті: дене қызуы 39,00С, беті мен мойыны қазарған. Склера қан тамырлары инъекцияланған. Ауыз-жұтқыншақта: шырышты қабаты қызарған, жұмсақ таңдайында қан құйылулар байқалады. Денесі мен қолдарында геморрагиялық бөртпе бар. Іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ, бауыры +1,0 см-ге ұлғайған
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
#+Конго-крымская геморрагическая лихорадка
*!Ер адам, 33 жаста. 15-ші маусымда жедел ауырып бастаған. Шағымдары: дене қызуының 39С-қа дейін жоғарылауы, бас ауыруы, бұлшық еттерінің ауыруы, айқын әлсіздік, мұрыннан кету, кофе тәрізді құсу, қара түсті нәжіс. Объективті: жағдайы ауыр. Денесінде көптеген геморрагиялық бөртпе көрінеді. Гепатомегалия.
Жалпы қан анализінде: тромбоцитопения.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
#* Лептоспироз
*+Геморрагическая лихорадка
* Менингококцемия
* Иерсиниоз
* Лихорадка Ку
*!Әйел адам, 35 жаста. Ауруханаға 5-ші мамырда түскен. Шағымдары: дене қызуының 39С-қа дейін жоғарылауы, айқын бас ауыруы, әлсіздік, жүрек айнуы, құсу. Эпидемиологиялық анамнез: өткен аптада Алма-Арасан тауларында болған, кене шаққан. Объективті: жағдайы ауыр. Беті қызарған. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі + 4 см.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
#+клещевой энцефалит
*!Әйел адам 35 жаста. Шағымдары: айқын әлсіздік, тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, қайталамалы құсу, сарғыштық, терінің қышуы, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі. 2 ай бұрын қан құйылған (гемотрансфузия). Ауруы 10 күн бұрын басталған: әлсіздік, жүрек айнуы, құсу пайда болған. Аурудың 7-ші күні зәрі қоңырлап, сарғыштық пайда болған. Сол кезде әлсіздік күшейгенін, құсудың жиілегенін байқаған. 1 рет мұрыннан қан кеткен. Объективті: жағдайы ауыр. Әлсіз, адинамиялы. Тері мен шырышты қабаттары айқын сарғайған. Пульсі – 88 рет/мин. Бауыры 1,5-2,0 см-ге ұлғайған. Нәжісі ахолиялы. Зәрі қоңыр түсті.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
#+острый гепатит В
*!Ер адам, 30 жаста, ауруханада «Вирусты В гепатит» диагнозымен 10 күн бойы ем қабылдап жатыр. Шағымдары: айқын әлсіздік, қайталамалы құсу, тәбеттің жоғалуы, қорқынышты түстер, «құлау» сезімі. Объективті: жағдайы ауыр. Әлсіз, адинамиялы, тежелген. Сұрақтарға баяу жауап береді. Сарғыштығы айқын. Инъекция орындарында геморрагиялар байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульсі 90 рет/мин. Бауыры + 1 см-ге ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, нәжісі түссізденген.
Науқаста қандай асқыну ең ықтимал болып табылады?
#+острая печеночная энцефалопатия
*!Ер адам, 40 жаста. Шағымдары: айқын әлсіздік, қайталамалы құсу, тәбеттің болмауы, қорқынышты түстер, құлау сезімі. Эпидемиологиялық анамнез: 2 ай бұрын шұғыл түрде гемотрансфузия жасалынған. Объективті: жағдайы ауыр. Адинамиялы, тежелген. Сұрақтарға баяу жауап береді. Сарғыштығы айқын. Инъекция орындарында геморрагиялар көрінеді. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульсі - 90 рет/мин. Бауыры + 1 см. Зәрі қоңыр, нәжісі түссіз.
ИФА нәтижесі: HBsAg+, anti HDV+,anti HB corе total+
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
#+вирусный гепатит В+Д
*!Әйел адам, 48 жаста, ауруханаға түскен. Шағымдары: әлсіздік, тез шаршау, түндегі тершеңдік, сол жақ қолының білезік аймағындағы және бел аймағындағы ауыру сезімі. 8 ай бұрын жоғары қызбамен, қалтыраумен, тершеңдікпен, буындарының ауыруымен көрінген аурумен ауырған. Эпидемиологиялық анамнез: үй шаруашылығында ешкі, қой ұстайды. Объективті: көңіл-күйі эмоциональді тұрақсыз. Дене қызуы - 37,80С. Полилимфоаденопатия. Гепатоспленомегалия. Сол қолының білезік буынының аймағында терісі қызарған, ісіну байқалады. Осы буынның пальпациясы, активті және пассивті қимылдары ауыру сезімді.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады?
#* Лептоспироз
* Брюшной тиф
* Эпидемический сыпной тиф
*+Вторично-хронический бруцеллез
* Крымская геморрагическая лихорадка
*!Ер адам, 45 жаста, мал дәрігері, ауруханаға түскен кездегі шағымдары: шаршағыштық, бас ауыруы, әлсіздік, қалтырау, тершеңдік, дене қызуының 37,80С-қа дейін, кешкі уақытта 390С-қа дейін жоғарылауы. 1 ай бойы ауырады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Мойын, қолтық асты, шап аймағындағы лимфа түйіндері үлкейген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. Іші жұмсақ, ауыру сезімі жоқ. Бауыры мен көк бауыры ұлғайған.
Қандай диагноз ең дұрыс болып табылады?
Достарыңызбен бөлісу: |