Информационное письмо


Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары



бет5/119
Дата31.01.2022
өлшемі326,19 Kb.
#116550
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119
Байланысты:
сөзжасам, морф 2020етістік (2)

2 Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары:
3 Курстың саясаты:

Бұл пән қашықтан оқыту жүйесіне лайықтап жасалған. Дәрістер, семинарлар, өзіндік жұмыстар zoom, whatsАpp, friconference, skaip онлайн бағдарламалары мен электронды пошта арқылы оқытылып, жүргізіледі. Курстың ерекшелігі мен студент құрамының біліктілігі мен біліміне сәйкес оқыту әдістері мен әдістемелік құралдарды сабақ үрдісінде тақырыптық негізгі белгілерге байланысты іскерлік пен дағды қалыптастыру бағытында пайдаланылады. Дәрістерде түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, сауалнама, эксперимент, статистикалық т.б. әдістерді қолдансақ, СОӨЖ, СӨЖ барысында эмпирика, байқау, тесті, деңгейлік тапсырмалар, әр түрлі графикалық шартты белгілерге негізделген соны әдістермен қатар ауызша-жазбаша жаттығуларға байланысты түрлі модульдік тәсілдер жүзеге асырылады.

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүруі қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша). Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1-і себепсіз қалдырылса, курстан шығарылады.

Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:



  1. Ұялы телефонмен сөйлесуге;

  2. Сабақтан сұрануға;

  3. Бос әңгіме құруға;

  4. Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.

Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:

  1. Өз пікірін дәлелдесе;

  2. Сабаққа белсенді қатысса;

  3. Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса.

Үй жұмысының орындалуы міндетті және оқытушы белгілеген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Сіздің өте жақсы орындаған бес үй жұмысыңыздан Сіздің жалпы бағаңызға әсер ететін баға шығарылады.

Жеке семестрлік тапсырмалар міндетті түрде орындалуы қажет. Семестрлік жұмыстар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) түрінде орындалып, қорғалады. Жұмыстан қателер табылған жағдайда ол студентке қайта қарауға қайтарылады. Тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланып, қорытынды бағаға әсерін тигізеді.

Сабақта орындалып, сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан соң қабылданбайды және бағаланбайды. Қашықтан оқытудың талаптары толық ескерілген, студенттер уақытты бағалап, ұтымды пайдаланып үйрену керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет