Он үшінші апта
№13 дәрістің тақырыбы: Шылау
Терминдер мен анықтамалар
Шылаулар – сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшән қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер.
Жалғаулықтар өзара тең бірыңғай сөздердің, сөз тіркестерінің және сөйлемдердің арасындағы әр қилы қатынастарды білдіреді.
Септеуліктер деп объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз.
Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер (мағыналар) жамайтын сөздерді айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |