Байланысты: Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.
Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы. Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қаупіне ұшырайды. Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-Шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір,ал биік тауда – қазан-мамыр.