Информационное письмо


Отбасылық тəрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері бар



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі84 Kb.
#109933
түріСеминар
1   2
Байланысты:
№11

Отбасылық тəрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері бар:

  • үздіксіздік;

  • тəрбиелік əсер етудің көп факторлығы мен қайшылығы;

  • тəрбиелеуші микроортаның салыстырмалы тұйықтылығы;

  • тікелей əсер ету (көмекші бөлімшесіз, көмекші адамсыз);

  • қарым-қатынастың жекелігі;

  • өзара қарым-қатынастың табиғилығы мен көпқырлығы;

Ата-ананың міндеті – ескі өмірлік таптаурындардан бас тартып, адамдар өзара соғыспай, ынтымақтасатын жаңа таптаурындар жасау.

«Жекеше» қаралатын əлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең бастысы ата-ананың отбасы болып табылады, себебі бала өзінің неғұрлым қабылдағыш кезеңінде отбасының əсерін бəрінен бұрын сезінеді. Отбасындағы жағдай, оның ішінде ата-ананың əлеуметтік жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім деңгейі баланың өмірлік жолын едəуір анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана баласына саналы түрде беретін тəрбиеден басқа балаға отбасындағы атмосфера да əсер етеді. Бұл əсердің ізі жеке тұлғаның құрылымында көрініс тауып, оның жасы есейген сайын көбейе түседі.

Баланың кез келген жастағы мінез-құлқындағы əлеуметтік немесе психологиялық аспектінің барлығы оның қазіргі күнгі жəне өткен уақыттағы отбасылық жағдайына байланысты болады. Əрине, бұл тəуелділіктің сипаты өзгереді. Мысалы, баланың үлгерімі жəне оның оқуының ұзақтығы отбасының материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-анасының білім деңгейі əсер етеді (жоғары білімді ата-ананың балалары жақсы оқиды). Ата-анасының білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты əсер етеді.

Салыстырмалы түрде жеке болатын балаларды тəрбиелеуде бірқатар психологиялық механизмдер бар, олардың көмегімен ата-ана өз баласының тəрбиесіне ықпал етеді.

Біріншіден, қолдау: ересектер баланың дұрыс деп санайтын əрекеттерін марапаттап, ал белгіленген ережелерді бұзғаны үшін жазалау арқылы баласының санасына ережелер жүйесін ендіреді, оларды сақтау біртіндеп бала үшін əдетке сай əрі ішкі қажеттілік болып қалыптасады. Екіншіден, идентификация: бала атаанасының үлгісін байқап, оларға еліктейді, сондай болуға тырысады. Үшіншіден, түсіну: баланың ішкі дүниесін біле тұра, оның мəселелеріне көңіл бөліп, ата-ана баласының санасы мен коммуникативтік қасиеттерін қалыптастырады.

Балаларды тəрбиелеудегі отбасылық əлеуметтендіру дегеніміз бала мен ата-ананың тікелей «жұптасып» өзара қарым-қатынас жасауын ғана білдірмейді. Идентификацияның əсері қарсы рөлдік өзара толықтыру арқылы бейтараптандырылады. Мысалы, ата-ананың екеуі де шаруашылықпен жақсы айналысса, балада мұндай қабілеттің дамымауы мүмкін, себебі баланың көз алдында жақсы үлгі болса да, отбасы баланың осы қабілеттерін қолдауын керек етпейді. Керісінше, шешесі шаруашылықпен айналыспайтын отбасында бұл рөлді қызы жақсы атқарады. Психологиялық қарсылық механизмінің де маңызы зор: еркіндігі шектелген жасөспірімнің дербестікке ұмтылу қабілеті жақсы қалыптасады, ал ештеңеден шектелмеген бала тəуелді болып өседі. Сондықтан баланың нақты қасиеттері, негізінде, ата-анасының қасиеттеріне байланысты болмайды (ұқсастығы жағынан да, айырмасы жағынан да), тəрбиелеудің жеке əдістерінен де шықпайды.

Отбасылық тəрбиенің ерекшелігін оның анықтамасынан көруге болады. Отбасылық тəрбие дегеніміз – ата-ананың баласының рухани жəне дене бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі. Тəрбиелеу  əдістерінің түрлі топтамасынан да, оның ерекшеліктерін байқаймыз. Отбасылық тəрбиеде біз келесі əдістерді қолданамыз:


  • сендіру;

  • тіршілікті ұйымдастыру;

  • түзету;

  • марапаттау жəне жазалау;

Сендіру əдісінің басты мақсаты тəрбиеленушілердің саналығын дамытуда, көзқарастар мен пікірлер жүйесінің қалыптасу үрдісін ұйымдастыруда, өзіндік ойлауды дамытуда (ақпараттық, іздестіру, өзара ағарту, дискуссиялық əдістерінің көмегімен).

Тіршілікті ұйымдастыру дегеніміз баланың  дене  бітімінің, əлеуметтік жəне рухани қалыпты дамуы үшін ересектердің тиімді жағдай жасауы. Бұл əлеуметтік, шаруашылықтұрмыстық, санитарлық-гигиеналық жағдай, отбасындағы еңбек жəне рухани атмосфера, ата-ананың білімділік деңгейі.

Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс отбасының педагогикалық үрдіс аясында жүреді. Мектеп оқушылары отбасының педагогикалық үрдісіне қатысатынын жəне осы үрдістің нəтижесі ата-ананың үрдісті қаншалықты саналы басқаратынына көбірек байланысты болатынын ескере отырып, осы екі педагогикалық үрдіс өзара байланысты деуге болады. Олардың нəтижелері қосылып, не оның тиімділігін арттыра түседі, не бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, онда тəрбиелік əсер едəуір төмендейді.

Балалардың екі педагогикалық үрдіске қатысуы отбасындағы тəрбие жұмысының жағдайын білу, ата-ананың педагогикалық мəдениетін көтеру, отбасындағы педагогикалық үрдістің оң жəне теріс жақтарын ескере отырып, мектептегі педагогикалық үрдісті жасау қажеттігін туындатады.

Балаларды тəрбиелеудегі əлеуметтендіру дегеніміз – индивидке қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік беретін білім, қағидалар мен құндылықтардың жүйесін меңгеруге көмектесетін бүкіл əлеуметтік жəне психологиялық үрдістер жиынтығы. Оған саналы, қадағаланатын, мақсатты əсер ету (кең мағынада алғанда тəрбиелеу) ғана жатпайды, сонымен бірге жеке тұлғаның қалыптасуына əсер ететін тылсым, кездейсоқ үрдістер де жатады.

Ата-ананың отбасы – əлеуметтендірудің маңызды институты. Алайда қазіргі отбасы бұрынғы кезеңде алған басым рөлін жоғалтты. Бұған жалпы тəрбиенің мəні де, ерекшелігі де, отбасының өзінің өзгеруі де əсер еткен: тұрақтылықтың өзгеруі, баланың аздығы, əкенің дəстүрлі рөлінің əлсіреуі, əйелдердің еңбекпен шұғылдануы жəне т.б. Отбасындағы қарымқатынас стилі де өзгерді. Авторитарлық тəрбиенің күйреуі ата-ана мен баланың өзара қарымқатынасын жұмсартып, жақындатып, екі жаққа да жекеше əрі эмоционалдық тұрғыдан маңыздырақ ете түсті. Қазіргі күні тəрбиелеуде атаананың билігі емес, моральдық беделі жөніндегі мəселе маңыздырақ. Күшке сүйенетін билікке қарағанда, ата-ананың моральдық беделін ұстап тұру қиынырақ. Тəрбиелеудегі қарым-қатынасты жекелендіру оның мəнін арттырады, сонымен бірге бұл қатынастарды, əсіресе ата-ананың қарым-қатынас ауқымы мен таңдауы кеңейген жасөспірімдік кезеңде нəзіктендіре түседі.

Əйел мен еркектің əлеуметтік рөлдері жүйесінде  алға  түпкілікті  қадамдар жасалды.

Əйелдің еркіндік алуы жəне оның өндірістік қызметке араласуы оның қоғамдағы жəне отбасындағы рөлін көтерді, сонымен бірге ана мен əке рөлдерінің дəстүрлі бөлінісін жойды. Қазір отбасында рөлдердің бөлінуі жұбайлардың жынысына емес, олардың жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жалпы алғанда, бұл алға аяқ басу – биархатты отбасы тұрақтырақ жəне ондағы психологиялық климат жақсы. Алайда бұл да келіспеушілік туғызады. Əсіресе қазіргі күні балаларды тəрбиелеуде əкенің рөлі күрделі болып отыр

 Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол — ата, әке, бала.

     Әке-әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше.

     Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы осы қара шаңырақтан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы- оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін еш нәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Қай бала болмасын өз ата-анасын үлгі тұтып, мақтан етеді. Олай болса, ата-ана өз ұрпағына, өзінің келешегіне құрметпен қарап,үлгі болуы тиіс. 

    Негізі, ой санасы дамыған адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды көздеген тәрбие мәселесіне мектеп те, ата-ана да бей-жай қарай алмайды. Ал тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата-аналар  арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста.Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата-ана. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алып өседі.

  Қазіргі таңдағы мектеп пен отбасының байланысы нақты қай түрде көрінуі керек десек, бала тәрбиесінде мұғалім мен ата-ана ынтамақтастығы бір-біріне ауадай қажет. Себебі, жанұя-әрбір бала үшін алтын бесік болса, баланың жақсы өсуі -тәрбиеден болмақ. Баланың ата-анасы ең алғашқы тәрбиешісі болса, сол тәрбиенің дұрыстығы-тәрбиешісінен. Ал, ұстаз-бала бойына білім дәнін себетін тұлға.

    Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп, жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. 

   Мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек, себебі баланың бір жақты тәрбие алуы мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істегенжағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.

    Осы тұрғыда Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылындағы орта мектепте оқушы, ұстаз, ата-ана ынтымақтастығы жүйелі жұмыс жасайды. Негізгі мақсатымыз- әр баланың мектепте, мектептен тыс уақытын дұрыс пайдалануын қадағалау және тәрбие жұмысында, алуан түрлі бірлескен іс-шаралар барысында оқушы, ұстаз, ата-ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыру. Осы мақсатпен атқарылуға тиіс негізгі іс-шараларды міндеттедік.

   Біріншіден:

-ата-аналардың өзін-өзі басқару жұмысының қалыптасуын ұйымдастыру мен ұстаздық көмек көрсету;

— мектеп пен отбасының біріккен тәрбиелік қызметін жоспарлау;

Осы міндеттерді шешу барысында мектепте жоспарлы түрде ата-аналар апталығы, ата-ана, ұстаз, оқушы атты айлықтар жүргізіледі. Ата-аналар ұйымы  ашық есік күндерінің кезекшілігін жасап, ата-аналардың мектеппен  жүйелі түрде байланыс жасауына және мектеп оқушыларының материалдық-әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілуіне көмек беріп отырады.Жетекшілер мен ата-аналар тығыз байланыста болып, сынып сағаттар мен сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысуға ықпал жасайды.



     Мектепте жылма-жыл  "Ең үлгілі отбасы"  байқауы өтіп отырады. Сонымен қатар ата-аналар апталығында "Ата-аналар белсенділігін қалай атқаруға болады?" тақырыбында дөңгелек үстел,  "Мен ата-анаммен мақтанамын" тақырыбында альбомдар, буклеттер, ата-аналар бұрышы,"Өз үйім-өлең төсегім" тақырыбында ұйымдастырылады.Мұндай іс-шаралар ата-анамен баланың арасын одан әрі жақындата түседі. Сынып жетекшілері мен мектеп психологтары ата-аналармен жеке әңгімелер жүргізіп, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты анықтау барысында сауалнамалар алып, қорытындысы бойынша түзету жұмыстарын жүргізеді. Мектепте ата-аналар мен балаларды біріктіре отырып жұмыс жасау, түрлі шаралар өткізу, оқушылар мен ата-аналар арасында көзге көрінбейтін белгілі бір бәсекелестікті туғызады.Ата-ана мен балалар бір-біріне түрткі болып, өзара біз неге мұндай шараларға қатыспасқа, біз неге көрінбейміз деген ой тудырады.Мұндай бәсекелестік ата-ананың мектеппен байланысын арттыра түседі. Мұндай ата-аналар өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетіментек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.

      Ата-ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар "Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ" дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше,үй ішінің үлкендері әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартатындар бар."Көрінген таудың алыстығы жоқ" дейді.Ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз? Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынын азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек.Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?! Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға, әртүрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады.Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, "Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің" демекші, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата-ананың басты парызы. Отбасында негізгі туыстық қатынас-ерлер жағымен есептелген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет