Дискімен жұмыс атқарғанда, оларды форматтау қажет болады, яғни жұмыс орындалатын операциялық жүйе нұсқасында бөліктерге бөлуді талап етеді. Форматталған кезде дискідегі барлық информация жойылады.
Дискіні форматтау үшін:
Мой компьюютер белгісіне маус көррсеткішін орналастырып, батырманы екі рет шертсе, оның терезесі ашылады.
Қапшық терезесіндегі А: дискінің белгісінде маустың оң батырмасын шертеді.
Динамикалық менююден Форматировать командасын таңдайды.
Windows экранында форматтаудың қажетті тәсілін (әдісін) таңдайтын терезені бейнелейді.
Форматтаудың екі түрлі әдісі бар:
Толық (Полное) –форматтаудың бұл жағдайында кезінде бұзылған секторлардың бар екендігі немесе жоқтығы тексеріледі. Бұл әдіс көбінесе диск жаңа болғанда пайдаланылады.
Тез немесе жылдам (Быстрое) –бұл жағдайда дискідегі информациялар өшіріледі. Бұл әдіс бұрын форматталмаған дискілерде қолданылмайды.
Форматтау әдісін таңдап болғаннан кейін, Начать батырмасында маусты шертеді.
Қолданылған әдебиеттер [13-16], [18], [25-26], [27-28]
Тақырып 9 Телекоммуникациялық технологиялар
Internet—кез клеген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстратын дүние жүзілік желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір – бірімен TCP/IP хаттама ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде «сөйлейтін деп айтса да болады».
TCP/IP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
IP – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама.
TCP- мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.
Интернет желісінің құрылымы.
Әрібір тұтынушты компьютері кәдімгі телефон арналармен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір – бірімен қаутты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез келегн жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәуелік бойынша үзілссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттард уақытша сақтайды: аппараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық серверлер – дегеніміз қалың көпшілікке арналған, әрібір тұтынушыпайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған араулы компьютер,. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз, жарнамалар мәліметтер сақталады.
Желіге қосылған әрібір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес беріледі, адрес компьютердің типімен, операциялық жүйенің түрімен байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адерс көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйенді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасыныңбос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бүл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырылады деуге болады.
World Wide Web құрылымы.
WWW дүниежүзлік тармақталған желісі – бұл Интернеттің ең кең таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі. WWW –Интернеттегі барлық құжаттар және мультимедиялық ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәліметтерді пайдалану жолында оларды оқып көру үшін Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator сияқты программалық жабдықтар қолданылады. Олар Интернеттен керекті құджаттарды іздеп табуға, қарауға, жазып алуға мүмкіндік береді. «Гипермәтін» мүмкіндігі Web мәліметтерінің бірінен біріне көшуді жеңілдетеді. Файлдардың “HTML» форматын іске қосатын гипермәтін мүмкіндігі Web парақтарының бір бетінен екінші бетіне сілтеу бойынша көшуді жеңіл жүзеге асырады.
Қолданылған әдебиеттер [13-16], [18], [20], [21-28]
Тақырып 10 Алгоритм және оның қасиеттері. Алгоритмдік тіл. Turbo Pascal программалау тілімен танысу.
Алгоритм сөзі IX ғасырда арифметикалық амалдарды орындау ережесін тұжырымдаған ұлы математик әл-Хорезмидің аты латынша algoritmi болып жазылуынан шыққан. Алғашқы кезде алгоритмі тек көп таңбалы сандарға арифметикалық төрт амалды орындау ережесі ғана деп ұғынған Кейінірек бұл ұғым жалпы алға қойылған мәселені шешуге келтіретін әрекеттер тізбегін белгілеу үшін пайдаланыла бастады.
Қазіргі заманда, адам көп істі компьютерде пайдалану, арқылы атқарады. Кез келген міндетті орындату алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылып қоюуын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде программа түзіледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу процесінің мәні алгоритмді құру екені көрінеді.
Кез келген адам күнделікті көптеген жұмысқа кезігеді, ал оларды атқарудың жолдарын көрсететін белгілі ережелер (нұсқаулар, жарлықтар) болады.
Көзделген мақсатқа жетуге немесе қойылған есепті шешуге бағытталған әрекеттер тізбегін іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл жарлық (нұсқау) алгоритм деп түсініледі.
Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады.
Алгоритм мысалдары, алгоритмнің жазылуы атқарушыдан қайсыбір аяқталған әрекетті орындауды талап ететін жекелеген нұсқауларға жіктелетінін көрсетеді. әрбір осындай нұсқау команда деп аталады. Алгоритмнің командалары бірінен кейін бірі орындалады. Алгоритмнің әрбір орындалу қадамында атқарушыға келесі жолы қандай команданың орындалатыны дәл белгілі болады. Алгоритм командаларын шектеулі санды қадамдар жасап өз кезегімен орындау есепті шешуге, қойылған мақсатқа жетуге әкеледі. Әрбір алгоритм әйтеуір бір атқарушыға арналып құрылады. Атқарушының берілген алгоритм бойынша есепті шеше алуы үшін, оның алгоритм командалары міндеттейтін әрбір әрекетті орындай алатындай күйде болуы қажет.
Атқарушы жүзеге асыра алатын командалардың жиынтығы атқарушының командалар жүйесі деп аталады. Алгоритм атқарушыға түсінікті болып, яғни оның әрбір командасы орындаушының командалар жүйесіне енуі керек. Сонымен, алгоритмді дұрыс құру үшін атқарушыға командалар жүйесінің білу және алгоритмнің орындалуының әрқашан шектеулі санды қадамнан соң аяқталатынына сенімді болу қажет.
Алгоритмнің мынадай ерекшелігі болуы керек.
Алгоритм айқын, аяқталған әрекеттер болып табылатын жеке қадамдарға бөлінуі керек. Орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғысын аяқтағаннан кейін ғана мүмкін. Алгоритмнің жеке қадамдардан құрыла алатын қасиеті дискреттілігі деп аталады.
Алгоритмнің әр ұйғарымы немесе командасы орындаушыға түсінікті болуға тиіс, яғни олар бір мағынада түсініліп, қайталанатын алғашқы деректер бойынша біріңғай нәтижелерге әкелуге тиіс. Алгоритмнің бұл қасиеті анықтығы деп аталады.
Алгоритмнің нақты бір мәселені ғана емес, бүкіл бір типті мәселелерді шеше алатын мүмкіндігі бар. Мысалы; квадрат теңдеуін шешетін алгоритм оның түбірін кез келген коэффициент мәндерінде табуға мүмкіндік береді, ал жол жүру ережесі баршаға ортақ. Алгоритмнің қасиеті жалпылылығы (көпшілікке бірдейлігі) деп аталады.
Нәтижелілігі. Айқын белгіленген әрекеттер тізімнің әрқайсысы нәтижеге жеткізе бермейді. Мыс: шахматта 10120 жүрістен тұратын ұтылыссыз ойын стратегиясы бар, бірақ оны түгел орындауға адам баласының ғұмыры жетпейді. Орындаушы үшін ол орындап отырған әрекеттер тізімі, егер олар мәселені қолайлы мерзімде шешуге жеткізсе, алгоитм болып есептеледі.
Осылайша алгоритм мынадай қасиеттерге ие: дискреттік, анықтық, жалпылық, нәтижелік.
Достарыңызбен бөлісу: |