Демі тоқтағанда көмек көрсету: - Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру
- Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен)
- Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру керек
- Оқушының міндеттері
- а) Компьютерде жұмысты бастар алдында:
- Компьютерде көзге көрінерлік ақаулықтардың жоқ екеніне көз жеткізуге, ондай болған жағдайда бұл жөнінде мұғалімге хабарлауға және өзі жөндемеуге.
- Машиналық уақытты есептеу журналында жұмыстың басталған күні мен уақытын, аты – жөні мен сынып атауын және де жұмысты бастар алдында байқаған ақаулықтарды жазуға.
- Жұмысқа мұғалімнің нұсқауымен ғана кірісуге міндетті.
- б) Компьютерде жұмыстын аяқтап болысымен:
- Өз жұмысын орнын қалпына келтіріп, компьютерді сөндіруге.
- Машиналық уақытты есептеу журналында жұмыстың аяқталған уақытын және жұмыс барысында байқаған ақаулықтарды жазуға.
- Жұмыс орындау мақсатында өзіне берілген дискеталарды, дискілерді және оқулықтарды мұғалімге тапсыруға міндетті.
- Көз талғанда жасайтын жаттығуларды есіңе сақта және оларды орында!
- 1 – жаттығу.
- Көздеріңнен бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
- Көздеріңнің бұлшық теін босаңдатып, ашыңдар. Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4 – 5 рет қайталаңдар.
- 2 – жаттығу.
- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
- Көздеріңді талдырмаңдар.
- Алысқа қадағалап қараңдар.
- 3 – жаттығу.
- Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадағалап қараңдар.
- 4 – жаттығу.
- Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадағалап қараңдар.
- 5 – жаттығу.
- Көзден 30 см арақашықтыққа қарындашты ұстап тұрып ұзақ тесіле қараймыз, сосын мұрынның ұшына қараймыз.
- 6 – жаттығу.
- Алақанды бір – біріне уқалап жылытып алып көзге жайлап басу керек. Осылайша 3 – 5 секунд тұру.
- 7 – жаттығу.
- Көздеріңді 20 – 30 секунд бойы жиі – жиі жыпылықтатындар.
Достарыңызбен бөлісу: |