Информатика кафедрасы «5B011100 – Информатика»



бет29/77
Дата06.10.2022
өлшемі277,92 Kb.
#152008
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77
Байланысты:
УМКД ТКО сырттай

Дәріс тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі

Аннотация: Критериалды бағалау процедурасына қойылатын талаптар. Оқушыларының оқу пәндері бойынша оқу әрекетінін нәтижесін және оқытудың күтілетін нәтижесін бағалау (деңгейлік мақсаттық). Оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау процедурасының кезеңдері: бағалау әрекетінің мақсатын анықтау; бағалау объектісін сипаттау (күтілетін нәтиже, нақты көрсеткіш және индикатор түрінде); бағалау шкаласын анықтау (жетістіктердің әртүрлі деңгейлері); бағалау құралдарын дайындау; бағалау нәтижелерін ұсыну формасы (педагогикалық құжаттар); бағалау жүйесін қолдану шарттарын анықтау.
Кілт сөздер: Критериалды бағалау, бағалау жүйесі
Жоспары:

  1. Критериалды бағалау процедурасына қойылатын талаптар

  2. Оқу үрдісінің нәтижесін бақылау және бағалау.

  3. Бақылаудың түрлері және формалары

  4. Сипаттап бағалау және оның қызметтері.

Дәріс тезистері:
Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағытталған. Оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған. «Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:
қадағалау; алынған мәліметтер интерпритациясы; бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтауға бағытталған қорытынды.
Мұғалімнің бағалаудағы ролі:
Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы; Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу;
Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет