Информатика мен информатика пєні туралы


Информатика мен информатика пәні туралы



бет7/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл

Информатика мен информатика пәні туралы

Информатиканың негізгі ұғымдарына кіріспес бұрын информатиканың өзінің және информатика пәнінің не екендігін және оның құрылымын анықтап алған жөн.

Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады. Әдетте, ғылыми пәннің пайда болуынан бастап оның жалпыілімдік мәнін ұғынуға немесе оның негіздерін мектептің білім беру жүйесіне енгізуге дейін кемінде бірнеше он жыл, қала берді бірнеше жүз жыл кетеді. Осы уақыт аралығында ғылыми ақпарат тұрақтандырылады, әдістаным анықталады, жалпы әдістемелік жолдар қалыптасады, яғни берілген пәнге әлде бір жүйелі көзқарас орнықтырылады.

Бір жағынан, бұл үрдіс жиырма жыл шамасы дерлік жалпыілімдік пәндер құрамына міндетті түрде еніп келе жатса да информатика үшін әлі де аяқтала қойған жоқ. Бірақ пәнге деген жүйелі көзқарастың болмауы, оған үзіп-жұлып қарау қазіргі кезде информатиканы оқытудағы басты мәселе болып табылады. Егер оқу пәнінің жалпы сүлбесіне жүгінер болсақ, онда толық қажетті оқу пәні болуы үшін оған не жетіспейтіндігін түсінуге болады:



  • пән саласының айқын сипаттамасы;

  • информатикаға ғана тән қызметтің жалпыланған түрлерінің тұжырымдамасы.

Өткен 1985 жылдан бастап информатика пән ретінде өзгеріске түсті. Ол автоматикадан шын мәнінде алыстай бастады. Таза техникалық сала – computer science (компьютерлік ғылымдар) атты жеке ғылыми бағытқа бөлініп шықты. Ақпаратты қорғау мен ақпарат қауіпсіздігі, деректер мен мағлұматтардың тұрпаттала өрнектелуі, әлеуметтік информатика және т.б. осы сияқты бағыттар пайда болды. Бүгінгі күні қай бағыттың басым екендігі туралы айту қиын, бірақ соның қажеті де жоқ шығар. Бірақ, информатиканың барлық жетекші бағыттарының негізгі қағидалары оқу курсында да бейнеленуге тиіс екендігі анық. Оның үстіне, осы бағыттардың пайда болуы информатиканың саны күн сайын барынша өсіп келе жатқан өзге пән мәселелерімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, информатика енгізген виртуалдандыру феномены қазіргі қоғамның айқындауыш сипаттарының бірі болып табылады.

Жоғары оқу орнындағы информатика курсының зерттеу тақырыбын белгілеп, сонымен қатар оның пән саясын айқындауға әрекет жасайық.

Қазіргі оқудың бірінші септі түйткілі оның іргелілігі болып келеді. Оқудың іргелілігі, атап айтқанда, жеке тұлғаның жеке еркіндігінің қажетті шарты болып табылады. Ол дайын өнімдерді пайдалана ғана емес, оны жасай да біледі. Бұл, сонымен қатар, ақпараттақ өркениетті тану сайманы болып табылатын информатика ғылымын игеруді де ескереді. Осы игерудің іскерлік сипаты информатиканың «ақпараттық үрдістер» атты жалпылауыш ұғымын оқып-үйренудің іскерлік логикада өрістелетіндігімен анықталады. Ол ақпараттық өнім шығаратын ақпараттық технологияларға ұмтылу сатылары бойынша жүзеге асырылады.

Информатика туралы бүгінге дейінгі түсінігімізді жалпылай келе, мынадай жұмыстық анықтаманы тиянақтауға болады: информатика дегеніміз ақпараттық үрдістер ағымының заңдылықтары туралы, ақпараттық үрдістерді автоматтандыру әдістері, құралдары мен технологиялары туралы, ақпараттық жүйелердің жасалуы мен жұмыс істеу заңдылықтары туралы ғылым.

Информатика ғылымының іргелілігінен туындайтын маңызды нәрсе – оның оқып-үйрену нысаны, атап айтқанда, заңдылықтар болып табылатындығы, өйткені кез келген ғылымның мақсаты түсіндіру ғана емес, сонымен қатар болжау да. Тек тәсілдерді немесе жүйелеуді білу арқылы болжам жасау аса қиындық туғызады. Оқып-үйренудің негізгі пәні – ақпараттық үрдістердің өзін ғана емес, «тұғырымен» - ақпараттық жүйелермен бірге қарастырылатын үрдістер. Информатика прагматизмі ақпараттық үрдістерді тиімді ұйымдастыру мен олардың автоматты түрде орындалуына мүмкіндік туғызатын әдістер, құралдар мен технологиялардың да оның зерттеу пәні болып табылатындығына байланысты.

Ақпараттық үрдістерді оқып-үйрену сыртқы әлемнің кез келген феноменін оқып-үйрену сияқты модельдеу әдістанымына негізделген. Информатиканың физикадан ерекшелігі, ол математикалық модельдерді ғана емес, сонымен қатар әртүрлі тұрпаттар мен түрлердің модельдерін де (мәтін, кесте, сурет, алгоритм, бағдарлама – бәрі де модельдер) пайдаланады. Атап айтқанда, ақпараттық модель ұғымы қалыптастырылуы негізгі мектеп информатика курсының негізгі міндеттерінің бірі болып табылатын пәнаралық байланыстардың осы курстағы кең спектрін айқындайды. Ал ақпараттық модельді құрудағы іс-әрекеттің өзі, яғни ақпараттық модельдеу тек информатиканы сипаттайтын қызметтің жалпыланған түрі болып табылады. Құрылған ақпараттық модельді ары қарай жаңа ақпараттық нысан ретінде қарастыруға болады. Бұл нысанды қажетті ақпараттық үрдісті басқара отырып, мақсатты түрде басқа нысанға түрлендіруге болады. Егер ондай басқару компьютерде жүзеге асырылатын болса, онда сөз ақпараттық үрдісті автоматтандыру туралы болғаны. Мұндай автоматтандырылған үрдіс ақпараттық технология деп аталады.

Информатика әлемінің қазіргі дамуы жағдайында информатиканы мынадай үш бөлім аясында қарастыруға болады: теориялық информатика, әлеуметтік информатика, ақпараттық технологиялар.

Теориялық информатика бөлімінде информатиканың философиялық негіздері информацияның жалпы теориясының бастаулары, информатиканың математикалық негіздері, ақпараттық пішімдеу негіздері, информатиканың семантикалық негіздері қарастырылады.

Әлеуметтік информатика бөлімінде ақпараттың қоғам дамуындағы орны, ақпараттық қоғам, ақпараттық қоғамдағы адамның рөлі сияқты мәселелер қарастырылады.

Ақпараттық технологиялар бөлімінде есептеу техникасының даму тарихы, ЭЕМ архитектурасы, микропроцессорлар архитектурасы, қатынастар туралы түсінік, ақпаратты қорғау мәселелері қарастырылады.

Информатика – бірегей ғылыми пән. Оның оқу нысаны тұтас бір өркениет – ақпараттық өркениет болып табылады. Академик А.П.Ершов айтқандай, ақпараттық өркениет - «адами өркениеттің дамуындағы жалпыға бірдей және болмай қоймайтын кезең, әлемнің ақпараттық көрінісін игеруді, табиғат пен қоғамдағы ақпарат қызметі заңдарының бірлігін түйсінуді, олардың іс жүзінде қолданылуы мен ақпарат өндірісі мен өңдеу индустриясын түзу кезеңі».

Ақпараттың бүгінде қоғамның стратегиялық ресурсы екендігі және оның басқа да ресурстар түрлерін – энергетикалық, материалдық және адамзаттық түрлерін үнемдеуге және дамытуға мүмкіндік беретіндігіне ешкімнің күмәні болмаса керек. Қоғамды ауқымды ақпараттандыру жаңа геосаяси үрдістерді дамытуға белсенді түрде әсер етеді. Ол үрдістердің ең маңыздысы экономиканы ауқымдандыру мен мәдениетті ауқымдандыру болып табылады. Сонымен қатар, ауқымды ақпараттық қоғамда өмір сүріп еңбек ету үшін оны барлық қажеттілермен толықтыру мағынасында бейнесіндегі «өркениет ақыры» (Ф.Фукуяма) елесі пайда болып, қолдау табуда. Басқаша айтқанда, мынадай қалыптасқан пікір бар: «Жаңадан ешнәрсе жасаудың қажеті жоқ, тек оны тауып, пайдалану жеткілікті». Егер осы тұрғыда қарайтын болсақ, онда өмір сүру үшін «технологиялық қаймақтарды сылып алу » толық жеткілікті де, басқа іргелі мәселелерді қарамай-ақ қойса да болады.

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды оқып-үйрену информатиканың аса маңызды бөлімі болып табылады. Есептеу техникасының жұмыс істеу негіздерін анық түсінбейінше информатиканың басқа да көптеген бөлімдерін шындап игеру мүмкін емес. ЭЕМ-нің қызмет ету негіздерін түсініп, оның көптеген сыртқы құрылғыларымен жұмыс істей білу қажет.

Компьютерлік желілер мен коммуникациялар – қолданбалы информатиканың бүгінде ең қарапайым бөлімі. Адамзат мәтіндік, кескіндік, басқа да ақпаратты кез келген қашықтыққа қысқа уақытта тарату мүмкіндігін ұғынып, осы үрдіске миллиондаған адамдарды қатыстырудың экономикалық мүмкіндігін алды да компьютерлік желілер әлеміне жаппай бас қойды.

Сонымен, қорыта келгенде, информатика қазіргі кезде жаратылыстану – техникалық ғылымдар мен гуманитарлық ғылымдар бағыттарының етене араластырыла дамитын ғылым ретінде еш ғылым тұрғысынан түсіндіріліп нақтыланбайтын, өзіне тән ерекшеліктері бар ғылым. Сондықтан информатика ғылымының философиялық негіздеріне тоқталып өткен информатикаға қызығушылардың бәріне де қажетті нәрсе болмақ.







    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет