Мәліметтердің құрылымы. Олардың базалық операциялармен қатынастары:
атомаралық объектілер – әр түрлі алфавиттер символдары; бірдейлігі; қасиеттер – түсі, формасы;
тізбектер (шекті объектілер) – бірдейлігі; реттік нөмірленуі; бірізділігі; байланысуы (екі тізбек үшін және тізбектер тізбесі үшін); символдар мен сөздердің алфавиттік реттілігі;
қапшықтар (элементтері бірнеше рет қайталана алатын жиындар) – бірдейлігі; қосындысы, бірігуі, қиылысуы; сандық қапшықтар, қосындысы, қапшықтар элементтерінің көбейтіндісі;
кестелер (қапшық кестелері; екі тізбек көбейтіндісі кестесі);
жазықтықтағы тұтас нүктелер (абсолютті және салыстырмалы ығыстыру, көпбұрыштар, графиктер);