Кескін → бұру бұйрығын пайдаланып, шекаралық сызықтар мен әшекейлерден фоторамка құраңдар.
Paint-ті тағыда іске қосып, Ойыншық файлын ашыңдар.
Суреттің мөлшерін рамкаға сыятындай етіп өзгертіңдер.
Рамкасы бар құжатқа ауысып, оны ерекшелеңдер және алмасу буферіне көшіріңдер.
Рамканы Ойыншық.bmp құжатына кірістіріп, оны фигура ортасына келетіндей етіп орналастырыңдар:
Файлды «Рамка» деген атаумен сақтаңдар.
Практикалық жұмыс
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
Суретке (Құттықтаймын!» мәтінін орналастырыңдар.Суреттің масштабын өзгертіңдер. Түспен толтыру сайманын пайдаланып, әр әріпті өз түсіне қайта бояп шығыңдар.
В деңгейі
Көбелектің суретін салыңдар (95-сурет).
Кескінді бірнеше рет көшіріңдер.
Суреттің мөлшерін барлық мүмкін тәсілдермен өзгертіңдер.
Әр өзгертуді жазып белгілеңдер. Мысалы, «30 градусқа бұру»
Суретті сақтаңдар.
С деңгейі
«Жаңа жылдық орман».
Шыршаның суретін салыңдар. Алдымен бір бөлігін:
Оны көшіріңдер және бұрыңдар:
Бірінші сол жағын, одвн кейін оң жағын көшіріп, қосыңдар және бояңдар:
Файлды өз бумаларыңда «Шырша» деген атумен сақтаңдар.
Paint-тің тағы бір терезесін ашып, орманның суретін салыңдар.
Шырша файлынан шыршаның суретін қайта-қайта көшіріп, оларды созып және бұрып әртүрлі шыршалардан орман жасаңдар.
Суретке ағаштарды, бұталарды, гүлдерді, жеміс ағаштарын,жануарлар мен өзендерді қосып салыңдар.
Файлды өз бумаларыңда «Орман» деген атаумен сақтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |