Информатика пәнін Кембридж тәсілімен оқытудағы қысқа мерзімді жоспарлар үлгісі


В деңгейі Дыбысты құжатқа енгізу



бет44/63
Дата06.02.2022
өлшемі3,76 Mb.
#40026
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63
В деңгейі
Дыбысты құжатқа енгізу

  1. WordPad редакторында «Шалқан» ертегісінің мәтінін толтырыңдар.

  2. « Тартып-тартып, шығара алмайды» тіркестерін теріп, файлды өз бумаларыңда «Шалқан» деген атаумен сақтаңдар.

  3. Дыбысты құжатқа қосу үшін Кірістіру Нысан, Файлдан құру бұйрығын орындаңдар.

  4. «Шалқан» файлын ерекшелеп, ОК шертіңдер.

  5. Мәтінде дыбыстың таңбашасы шығады. Ойнату үшін осы таңбашаны екі рет шертіңдер.

Шалқан
Атай шалқан отырғызды. Шалқан үп-үлкен болып өсіп шықты. Шалқанды жерден тартып шығаратын кез келді. Атай тартып-тартып, шығара алмайды.
Атай әжейді шақырды.
Әжей немересін шақырды.
Немере қыз Ақтөс итін шақырды.
Ақтөс иті мысықты шақырды.
Мысық тышқанды шақырды.
С деңгейі
Құжатты дыбысқа енгізу

  1. WordPad редакторында ертегінің мәтінін толтырыңдар.

  2. Әрбір кейіпкер үшін жеке файлға дыбыс жазыңдар да, оны өз бумаларыңда сақтаңдар.

  3. Дыбысты құжатқа қосу үшін Кірістіру Нысан, Файлдан құру бұйрығын орындаңдар

  4. Тиісті дыбыстық файлды көрсетіп, ОК батырмасын шертіңдер.

  5. Мәтінде дыбыстың таңбашасы шығады. Ойнату үшін осы таңбашаны екі рет шертіңдер.

Былықпа
Мысықтар шықты мияулап:
«Мияулаудан жалықтық!
Торайлардай біз енді,
Қорсылдауды қалаймыз!»

Олардан соң үйректер:


«Барылдауды қоямыз
Енді біздің бақаша,
Келеді бақылдағымыз!»

Мияулады торайлар:


Мяу!Мяу!
Қорсылдады мысықтар:
Қорс!Қорс!
Үйректер шықты бақылдап:
Бақ!Бақ!
Тауықтар да қырқылдап:
Қырқ!Қырқ!
Торғай келді секіріп,
Мөңіреді сиыр боп:
Мө-ө-ө!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет