Жүргізуші: 6-кезең: «Ой сергіту». Экрандағы берілген графикалық редакторы құралдарының атауын және қандай қызмет атқаратынын тап. Әр командаға бес- бестен графикалық редакторының құралдары беріледі, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Жүргізуші: 7-кезең: «Қызықты диктант» Қазір мен үш топқа жұмбақ сөйлем оқимын,соны сурет қылып саласыңдар, қай команда мен оқыған сөйлемге сәйкес сурет салса, ұпай бірінші болып және дұрыс салған командаға беріледі. Ұпай саны 5.
Тапсырма:
1. Үлкен шеңбер салыңдар.
2.Сол шеңбердің төменгі бөлігін өшіріңдер. Сол кезде доға пайда болады.
3.Кішкентай шеңбер салыңдар.
4. Сол шеңбердің үш рет көшірмесін жасап, бірінен соң бірін орналастырыңдар
5.Оларды доғаның астына орналастырыңдар.
6.Кіші шеңберлердің төменгі бөліктерін өшіріңдер.
7.Центрінен бастап түзу сызық жүргізіңдер.
Сол кезде қандай сурет шықты?
Жауабы: Қолшатыр
Достарыңызбен бөлісу: |