Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану (Баяндама)



бет18/18
Дата05.02.2022
өлшемі331,11 Kb.
#16738
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Қорытынды
Қорытынды ретінде мінеки, жоғарыда баяндалып айтылған жағдайлардан түйіндегенім:
Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады. 2. Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл - ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда сабаққа ынталы қатысатын болды. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар алады.
«Сабақ – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы»,- деп көрегендікпен әйгілі ағартушы А.Сухомлинский тұжырымдаған болатын. Сондықтан сабақ беру дегеніміз –әр тұрлі педагогикалық тәсілдер жиыны, тұрақты шығармашылық ізденіс деп ойлаймын.
Әрбір мұғалім өз жұмыс тәсілдері мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында еңбек етуі керек. Ағартушы Д.Пойаның мынадай қанатты сөздері бар: «Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек».
Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Информатика негіздері журналы, №1, 2014


2. Информатика негіздері журналы, №3, 2014
3. Информатика негіздері журналы, №2, 2012
4. Информатика негіздері журналы, №3, 9 бет, 2014
5. Интернет материалдары
6. Информатика негіздері №6 – 2010 журнал
7. Информатика негіздері №2, 2014 жыл
8. Информатика негіздері №5 -2010 жыл
9.Информатика негіздері №1, 2014 жыл
10. Информатика 30 сабақ
11. Информатика оқулығы, 7 сынып

Мұғалім туралы мәлімет.


Аты-жөні: Нұрниязова Айдана Отарбайқызы


Жұмыс орны: Ғ.Сланов атындағы орта мектеп
Қызметі: Информатика пәнінің мұғалімі
Мамандығы: Информатика және математика пәні мұғалімі
Ғылыми дәрежесі: жоқ
Санаты: жоқ
Құрметті атақтары: жоқ

Информатика пәнінің мұғалімі


А.Нұрниязованың
«Информатика пәнін оқытуда
ойын технологияларын қолдану»
тақырыбындағы баяндамасына

Пікір

Нұрниязова Айдана 3 жылдан бері осы мектепте информатика пәнінен сабақ беріп келеді. Баяндамамен таныса келе, төмендегідей пікірге келдім.
Мұғалім ойын технологиясының маңызын, сабақ кезінде үнемі қолданыста болатынын, жаңа технологияның бір түрі екенін атап көрсеткен. Мұғалім сабағын тартымды, ұтымды, қызықты өткізу үшін ойын технологиясын пайдаланған.
Баяндама тақырыбы дұрыс таңдалып, толық жазылып, баяндамаға қойылатын талаптар сақталған. Баяндамадағы ашық сабақ тақырыбы сайыс түрінде ұйымдастырылуы, шапшаң ойлауға, тез қимыл әрекеттер жасауға байланысты ойын түрлері, сондай-ақ ойын технологиясының әдістерін пайдаланған. Сонымен қатар, өз тәжірбиесімен ұштастыра, көрсете білген.
Мұғалімнің жетістігі 2012 жылы мектепішілік «Жас мұғалім-2012» байқауында ІІІ орынға ие болып, жақсы жетістіктерге жетіп келеді және алдағы уақытта жетеді деген ойдамын.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие берудегі еңбек жолына шығармашылық табыс тілеймін.

Математика-информатика және


физика пәндері бірлестігінің мүшесі: Ж.Есқұлова



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет