Информатика пәнінен «Графикалық редактордың түрлері. Негізгі мүмкіндіктері мен қолданылуы»
ДӘРІС «Графикалық редактордың түрлері. Негізгі мүмкіндіктері мен қолданылуы»
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Компьютерлік графика : 1) Екі өлшемді графика
2) Үш өлшемді графика болып бөлінеді.
Графикалық редактор - дегеніміз екілік өлшемдегі суреттерді компьютердің көмегімен жасауға немесе өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарлама(бағдарламалар пакеті).
Графикалық редакторлардың түрлері:
-растрлік графикалық редакторлар;
-векторлық графикалық редакторлар;
-гибридтік графикалық редакторлар.
Графикалық редактор (ГР) әр түрлі суреттерді, сызбаларды, иллюстрацияларды дайындау барысында пайдаланылатын қолданбалы программалардың тобын қалыптастырады. Компьютерлік графиктердің қолданылатын бірқатар аймақтарын айта кетейік: визиткалар мен хабарландыруларды, иилюстративтік және іскерлік графиктерді рәсімдейді, есептіліктердің, мақалалардың, кітаптардың суреттерін әзірлейді; нақты іс жүзінде жоқ объектілерді модельдейді; үш өлшемді сцена мен анимациялық фильмдерді құрастырады; жарнама роликтерін жасайды және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |