Мысал. Суретте СТУДЕНТ файлы (кестесі) жазбасының логикалық құрылымын суреттеу мысалы келтірілген. СТУДЕНТ файлы жазбасының құрылымы сызықтық. Жазбада өріс мәнінің қайталанатын топтары жоқ. Өріс мәніне қарау оның номері арқылы жүреді.
Файл аты: СТУДЕНТ
|
Өріс
|
Кілт белгісі
|
Өріс форматы
|
Белгіленуі
|
Атауы
|
типі
|
ұзындығы
|
нақтылығы
|
Номер
|
Жеке іс-қағазының№
|
*
|
Симв
|
5
|
|
Фамилия
|
Студент фамилиясы
|
|
Симв
|
15
|
|
Аты
|
Студент аты
|
|
Симв
|
10
|
|
Отчествосы
|
Студент отчествосы
|
|
Симв
|
15
|
|
Күні
|
Туған күні
|
|
Уақыт
|
8
|
|
Мәліметтер моделінің тұрлері
Мәліметтер моделі – мәліметтер құрылымы мен оларды өңдеу операциялары жиынтығы.
МҚБЖ иерархиялық, тораптық немесе реляциялық модельдерді пайдалануға негізделген. Мәліметтер моделінің негізгі үш типін қарастырайық: иерархиялық, тораптық және реляциялық.
Мәліметтердің иерархиялық моделі
Иерархиялық құрылым анықталған ережелер бойынша өзара байланысқан элементтер жиынтығы. Иерархиялық қатынастармен байланысқан объектілер қалыптанған графты құрады, оның жалпы түрі суретте көрсетілген.
Иерархиялық құрылымның негізгі түсініктеріне: деңгей, элемент (торап), байланыс жатады. Торап – қандайда бір объектіні суреттейтін мәліметтер атрибуттарынының жиынтығы. Иерархиялық тоғай схемасында тораптар граф төбесімен көрсетілген. Өте төменгі деңгейдегі әрбір торап одан жоғары деңгейде орналасқан бір тораппен ғана байланысқан. Иерархиялық тоғай ешқандай басқа төбеге бағынышты емес және ең жоғарғы деңгейде тұрған тек бір ғана төбесі (тоғай түбі) бар. Қатысты (бағынышты) тораптар екінші, үшінші және т.с.с. деңгейлерде орналасқан. Мәліметтер қорында тоғайлар саны түбірлік жазбалар санымен анықталады.
Мәліметтер қорының әрбір жазбасында түбірлік жазбана тек бір ғана жолы бар. Мысалы, суреттен С4 жазбасы үшін жол А мен В3 жазбалары арқылы өтетінін көреміз.
Мәліметтердің тораптық моделі
Тораптық құрылымда осы негізгі түсініктер (деңгей, торап, байланыс) арқылы әрбір элемент кез келген басқа элементпен байланысуы мүмкін.
Суретте мәліметтер қорының тораптық құрылымы граф түрінде көрсетілген.
Мәліметтердің реляциялық моделі
Реляциялық (ағыл. relation – қатынас) түсінігі Е.Коддтың мәліметтер қоры жүйесі облысында белгілі американдық маманның құрастыруымен байланысты.
Бұл модельдер мәліметтер құрылымының қарапайымдылығымен, пайдаланушыға ыңғайлы және мәліметтерді өңдеуге арналған реляциялық есептеулерді жүргізу мүмкіндігімен сипатталады.
Реляциялық модель екіөлшемді кестелер түріндегі мәліметтерді ұйымдастыруға бағытталған. Әрбір реляциялық кесте екіөлшемді массивті көрсетеді және келесі құрамнан құрады:
әрбір кестенің элементі – мәліметтердің бір элементі;
кестедегі барлық бағандар бірдей, яғни бағандағы барлық элементтерде бірдей типі (сандық, символдық және т.б.) мен ұзындығы бар;
әрбір бағанның өзгеше аты бар;
кестеде бірдей жолдар жоқ;
жолдар мен бағандардың реті дербес болуы мүмкін.
Қатынастар кесте түрінде көрсетілген, жолдар жазбаларға, ал бағандар – қатынас атрибуттарына, домендерге, өрістерге сәйкес келеді.
Әрбір мәні сәйкес жазбамен анықталатын өріс қарапайым кілт (кілттік өріс) деп аталады. Егер жазбалар бірнеше өрістердің мәнімен анықталса, онда мәліметтер қорының мұндай кестесінің құрама кілті болады.
Екі реляциялық кестені байланыстыру үшін бірінші кестенің кілтін екінші кестенің кілті құрамына (кілттер бір-біріне сәйкес келуі мүмкін) енгізу қажет, кері жағдайда бірінші кесте құрылымына сыртқы кілт - екінші кестенің кілтін енгізу керек.
Мәліметтер қоры бірнеше байланысқан кестелерден тұруы мүмкін. Қатынастармен байланысқан кестелер келесі принцип бойынша іс-әрекет етеді: бастапқы және бағынышты. Бастапқы кестені ата-аналық (родительский) деп, ал бағыныштыны – аналық (дочерний) деп те атайды.
МҚ кестелері келесі принциптердің біреуімен қатынасады:
"один – к - одному";
"многие – к - одному";
"один – ко - многим";
"многие – ко - многим".
1. "Один – к - одному" байланысы
Мұндай байланыста ата-аналық кестедегі бір жазба аналық кестедегі бір жазбаға сәйкес келеді.
2. "Один – ко – многим" байланысы
3. "Многие – к –одному" байланысы
"Один – ко – многим" ("многие – к – одному") байланысының екі түрін қарастырады:
бірінші жағдайда бастапқы кестедегі барлық жазбалар бағынышты кестедегі жазбалармен сәйкес келуі керек;
екінші жағдайда мұндай қатаң талаптар қойылмайды және бастапқы кестедегі кейбір жазбалар бағынышты кестедегі байланысқан жазбалары болмауы мүмкін.
4. "Многие – ко – многим" байланысы
Мәліметтер қорын кез келген "многие – ко – многим" байланысы "один – ко – многим" (многие – к – одному") байланысының бір немесе бірнешеуімен ауыстырылуы мүмкін болатындай құруға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Құрылымдылық дегеніміз не?
Мәліметтер қоры дегеніміз не?
МҚБЖ дегеніміз не?
Мәліметтер моделі дегеніміз не?
Иерархиялық, тораптық және реляциялық мәліметтер модельдері нені көрсетеді?
Өріс, жазба дегеніміз не?
Кілттік өріс дегеніміз не?
Байланыстың қандай түрін МҚ кестелері арасына орнатуға болады?
Ұсынылатын әдебиеттер :
негізгі Әдебиеттер
Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ/ Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Б., Дәулетқұлов А.Б.- Алматы:ЖТИ.2004
Информатика: оқу құралы/ Байжұманов Қ. М., Жапсарбаев Л. Қ. – Астана 2004
Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002
Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000: Білім, 1995
Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |