Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Сипаттама
|
Ұсынылатын тапсырмалар түрлері
|
Білу және түсіну
|
«авторлық құқық», «плагиат» ұғымдарын анықтайды;
есептеу техникасының даму тарихы мен перспективасын түсіндіреді;
ақпаратты ұсынуға арналған байланыс каналдарына, ақпаратты беруші және қабылдаушы арналарына мысалдар көрсетеді;
компьютер үшін барлық ақпарат екілік код түрінде берілетінін түсінеді;
әр түрлі алгоритмдердің анықтамаларын атайды;
операциялық жүйенің негізгі қызметтерін көрсетеді.
|
Деңгейін тексеру үшін қысқа жауапты (ҚЖ) немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады
|
Қолдану
|
компьютердің негізгі құрылғыларын қолданады;
сымсыз байланысты қолданады;
мәтіндік ақпаратты кодтайды және кері кодтайды;
векторлық бейнені құрады және өңдейді;
блок-схема түріндегі алгоритмді қолданады;
құжатты рәсімдеуде гиперсілтемелерді, мазмұндарды, атауларды, нұсқамаларды қолданады.
|
Деңгейін тексеру үшін қысқа жауапты (ҚЖ) немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады
|
Жоғары ретті дағдылар
|
ойын бағдарламалау ортасында сценарийлерді құрады және жүзеге асырады;
бағдарламадағы түзетуді қажет ететін қателіктерді талдайды;
жобалық қызмет кезеңдерінің реттілігін құрастырады;
есептерді шешудің түрлі тәсілдерін ұсынады;
растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды.
|
Деңгейін тексеру үшін қысқа жауапты (ҚЖ) немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады
|