6- слайд Ақпараттың сыртқы қасиеттері
Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет
Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды.
Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.
Ақиқаттық қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті.
Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде «ақпараттық шуыл» болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.
Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.
Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.
Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ыңғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.
|
7- слайд Ақпараттың ішкі қасиеттері
Ақпараттың ішкі қасиеттерінің маңыздылары оның ішкі құрылымы және көлемі (мөлшері) болып табылады.
Хабардағы ақпарат көлемі – ондағы таңбалардың санымен анықталады.
Хабар бір мазмұнды әртүрлі тәсілдермен (әртүрлі алфавиттерді қолдана отырып) беруі мүмкін, мысалы: «он үш» 13 XIII
Мысалдан бұл тәсілдің хабарды беру пішіміне тәуелді екендігін көруге болады.
Есептеу техникасында өңделетін және сақталатын ақпарат (оның шығу тегіне байланыссыз) екілік жүйеде көрсетілетіндіктен (0 және 1-ден (бит) тұратын алфавиттің көмегімен) сәйкес өлшем бірліктері енгізілген, олар бит және байт. Бит – ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі болса, байт – негізгі өлшем бірлігі. Байт – 8 биттен тұратын топ.- слайдның 5 буыныжәне стол калькуляиорыптеу техникңдер?
|
8- слайд Ақпаратты кодтау тілдері
Табиғи тіл (ауызша не жазбаша)
Ым- ишара тілі
Жол белгілері тілі
География тілі
Математика тілі
Нота сауаты
Морзе әліпбиі, т. б.
|
9- слайд Ақпараттық технологиялар (видео)
|
|
іі. алғашқы бекіту
|
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Ақпарат анықтамасы
|
Ақпарат түрлері
|
Ақпараттың сыртқы қасиеттері
|
Ақпарат – қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстардың параметрлері, қасиеттері, жай күйі туралы білімді кеңейтетін, анықталмағандықтарды азайтатын мәліметтер жиыны.
Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.
Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелеу.
Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.
|
Шығу облысына қарай ақпарат
қарапайым
биологиялық
әлеуметтік:
Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат
визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады
аудиальды – дыбыс арқылы таратылады.
тактильді – сезім арқылы таратылады.
иіс арқылы таратылады
дәм арқылы таратылады
машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады.
|
Объектілік және субъектілік қасиеті
Толықтық қасиеті
Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті
Ақиқаттық қасиеті
Қатынау мүмкіндігі қасиеті
Адекваттық қасиеті
Эргономдық қасиеті.
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Ақпарат дегеніміз не?
Шығу облысына қарай ақпарат түрлері
Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат түрлері
Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлері
Ақпараттың сыртқы қасиеттерін ата.
Ақпараттың ішкі қасиеттерін ата.
ІІ деңгей тапсырмалары
Төмендегі сөздерді пайдаланып, кестені толықтырыңыз:
адекваттық қасиеті, толықтық қасиеті, қатынау мүмкіндігі қасиеті, эргономдық қасиеті, өзектілік (дәл уақыттылық) қасиеті, объектілік және субъектілік қасиеті, ақиқаттық қасиеті
Ақпарат қасиеті
|
Анықтама
|
|
ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиеті
|
|
ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті
|
|
ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиеті
|
|
ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті
|
|
пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиеті
|
|
ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиеті
|
|
белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ыңғайлылық дәрежесін көрсететін қасиеті
|
ІІІ деңгей тапсырмалары
Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлерін салыстырып жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Топтық жұмыс.
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
A
|
ә
|
і
|
ң
|
ғ
|
ү
|
ұ
|
қ
|
ө
|
Һ
|
B
|
й
|
ц
|
у
|
к
|
е
|
н
|
г
|
ш
|
щ
|
C
|
з
|
х
|
ф
|
ы
|
в
|
а
|
п
|
р
|
о
|
D
|
л
|
д
|
ж
|
э
|
я
|
ч
|
с
|
м
|
и
|
E
|
т
|
ь
|
б
|
ю
|
ъ
|
ё
|
|
|
|
Берілген кесте арқылы информатика, ақпарат, компьютер сөздерін кодтаңыз.
Мысал:
Мектеп сөзі: М- D7 Е- В4 К- В3 Т- Е0 Е-В4 П-С6
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
№3 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы: Ақпаратты қорғау
Күтілетін нәтиже:
Білімдік
Жаңа білім
Ақпарат қауіпсіздігін біледі.
Ақпарат қорғау ұғымын анықтайды.
Ақпарат категорияларының атын атайды.
Ақпаратқа әсер ету түрлерін біледі.
Пароль ұғымын анықтайды.
Жаңа түсінік
Дұрыс қорғаныс жүйесін құру алғышарттарын түсінеді.
Ақпаратты қорғаудың техникалық құрылғыларын айырып таниды
Биометриялық әдістерге мысал келтіреді.
Құзырлылық
Қолданым әрекеті
Ақпарат санаттарын анықтайтын сөздерді толық емес сөйлемдерді толықтыруда қолданады.
Талдау әрекеті
Активті және пассивті қорғау құралдарын талдайды.
Шығармашылық әрекет
Сұрау салу арқылы ақпартты қорғау түрлеріне сәйкес сипаттаманы оң бағандағы сөздермен байланыстырып, толық сөйлем жасайды.
Құнды-лық
Бағамдау әрекеті
Ақпаратты қорғау қажеттілігін түсіндіреді.
Оны қамтамасыз ету жолдарын сипаттайды.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (10 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (10 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады.
Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап, көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
•Ақпарат қауіпсіздігі, аутентичтность, апелляциялануы, ақпаратты блоктау, санкцияланбаған таралым, пароль, шифр, сигнатура, биометриялық әдіс.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.
Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.
Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту.
Ақпарат көздері:
Freepapers.ru. Ақпараттық қауіпсіздік. 2013. Ақпарат көзі: http://freepapers.ru/22/aparatty-aupszdk/237014.1614218.list3.html
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті. «Inf 1104 Информатика» пәні бойынша, «5В030100–Құқықтану» мамандығының 1-курс күндізгі бөлім студенттеріне арналған оқу- әдістемелік кешен. 2010. Ақтөбе
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі,
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті.
«Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәнінен оқу- әдістемелік кешен. 2009. Семей
Оқушы жетістігін бағалау:
Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.
Үй тапсырмасы:
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
Өтілген материалды қайталау, анықтама жаттау
• Бонус-балл тапсырмасы
Ақпаратты қорғаудың басқа қандай жолдарын білесіз?
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:
Ақпарат қауіпсіздігі мен оны қорғау. Алғышарттар.
Ақпаратқа әсер ету түрлері мен потенциалды қауіп- қатер тудырушылар.
Ақпаратты қорғау тәсілдері.
Слайдтар:
1-слайд Ақпарат қауіпсіздігі мен оны қорғау
Ақпараттың қауіпсіздігі – ақпарат тұтастылығының физикалық және логикалық бұзылуынан немесе санкцияланбаған пайдаланудан қорғаныс жасау. Ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені.
Яғни, ақпаратты қорғау - автоматтандырылған жүйелерде оның бекітілген қорғаныс статусын қолдайтын арнайы механизмдерді құрау және
қолдау процесі.
|
2-слайд Ақпарат категориялары
Ақпарат қауіпсіздігі тарапынан алғанда ақпараттың категориялары:
Құпиялылығы - белгілі бір ақпараттың белгілі бір адамдарға ғана тиімді екеніне сенімділік; бұл категорияны бұзу- ақпаратты бұзу немесе ұрлау деп аталады.
Бүгіндігі- ақпараттың сақталуы немесе таралуы кезінде санкцияланбаған өзгерістердің болмағанына сенімділік; бұл категорияны бұзу- мәліметтің фальсификациясы деп аталады.
Түпнұсқалық (аутентичность) - ақпарат көзі- оның авторы болып табылатынына сенімділік; бұл категорияны бұзу- автор тарапынан мәліметтердің фальсификациясы деп аталады.
Апеллияциялануы - кез келген уақытта белгілі бір адамның сол мәліметтің авторы екенін дәлелдеуі.
|
3-слайд Дұрыс қорғаныс жүйесін құру алғышарттары
Қорғаныс жүйесінің дұрыс құрылу үшін мыналарды анықтау керек:
Ақпаратқа әсер ету түрлері;
Автоматтандырылған жүйе түсінігі;
Автоматтандырылған жүйеге түсетін қауіп түрлері;
Қауіптерге қарсы тұру шаралары;
Қорғаныс жүйелерінің құрылу принциптері.
|
4-слайд Ақпаратқа әсер ету түрлері
Ақпаратты блоктау- қолданушының ақпаратқа қол жеткізе алмауы.
Ақпарат бүтіндігінің бұзылуы- ақпараттың сақтау құрылғыларынан жоғалуы не бүлінуі, мәндік мазмұнының бұзылу, логикалық байланыстың бұзылуы, дұрыстығының бұзылуы.
Ақпарат құпиялылығының бұзылуы- ақпаратпен бөтен адамдардың танысуы. Ақпаратты алу жолының деңгейі ақпарат иесімен анықталады.
Санкцияланбаған таралым- ақпараттың меншіктелу және авторлық
құқық қорғанысы.
|
5- слайд Потенциалды қауіп- қатерлер
Қызмет көрсетуші тұлғалар мен қолданушылардың қателіктері
Құрылғылардың дұрыс жұмыс жасалмауы
Программалық қамсыздандыру жұмысының ақауларына байланысты болатын ақпараттың жоғалуы
Рұқсатсыз қатынауға байланысты болатын ақпараттың жоғалуы
Аривтік мәліметтерді дұрыс сақтамағандықтан пайда болып
ақпараттың жойылуы
|
6- слайд Сұрау салу арқылы ақпаратты қорғау
Парольдер – жүйеге ену үшін қажетті кілттер ретінде қарастырылады және ақпарат тұтастығын сақтауды қамтамасыз етеді. Бірақ, олар басқа мақсаттар үшін де қолданылады, мысалы, дискіенгізгіште жазуды бұғаттауда, мәліметтерді шифрлеу командаларында, т. б.
Парольдерді 7 негізгі топтарға бөледі:
қолданушы орнататын парольдер;
жүйемен генерацияланатын парольдер;
енудің кездейсоқ кодтары;
жартылай сөз;
кілттік фазалар;
“сұрақ -жауап” түріндегі интерактивті тізбек;
“қатаң ” парольдер.
7- слайд Сұрау салу арқылы ақпаратты қорғау
Шифрлер - ақпаратты түрлендіруге арналған криптографиялық әдістер пайдалану. Шифрлер криптоаналитикатер үшін қарапайым болу керек, бірақ кәдімгі пайдаланушылар үшін файлға қол жеткізуді қиындатады. Бағдарламаларды, идентификациялық белгілерді шифрлеуге болады. Бағдарламаны қорғауға арналған шифрдың негізгі сипаттамасы - кілттік шифрдың үзындығы болып саналады.
Сигнатуралар – қорғаныс үшін пайдаланылатын және бағдарламалық тәсілмен тексерілетін электронды есептеуіш машинаның бесаспап сипаттамасы.
Қорғау аппаратурасының көмегімен бағдарламны қорғаудың негізгі принципі – тұрақты есте сақтау құрылғысымен оперативті есте сақтау құрылғысынан бағдарламаларды рұқсатсыз көшіру кезінде бағдарламаның өздігінен жойылып кетуіне арналған сигналдарды өндіру.
Арнайы микропроцессорлар (МП) – арнайы оптикалық құрылғы, стандартты интерфейс арқылы қосылады, сұрау салуға кейбір сандық реттілікпен үндеседі. Кемшілігі – бағдарламамен басқарылады.
Электр интеллектісімен қорғау – күрделі қорғаныс алгоритмін таратушы арнайы микропроцессоры бар электронды қорғаныс құрылғыларының бірі.
Тікелей қорғау құралдары-егер құпия ақпараттардан тұратын модульды бұзатын болса, тікелей қорғау динамикалық жады қорегін бұғаулайды да, құпия ақпараттарды жояды.- слайдның 5 буыныжәне стол калькуляиорыптеу техникңдер?
8- слайд Активті және пассивті қорғау құралдары
Активті
Уақытқа, күннің жадына құрылған қорғау кілттері жатады немесе рұқсатсыз қатынас құруға қарсылық, ескерту, еске салу немесе бақылауды ұйымдастыру түрінде болады.
Жалпы қабылданған дабыл сигналдары, авторлық этикетті басып шығару, дыбыстық ескертулер, бақылау, иемденуші жөнінде деректерді басып шығару сияқты белгілерден тұрады.
Пассивті
Сақтандыру, алдын-ала ескерту, бақылау, сондай-ақ қолайсыз жағдайды болдырмау үшін көшіруді дәлелдейтін және айғақ іздейтін бағыттағы әдістер жатады.
9-слайд Ақпаратты қорғаудың техникалық құрылғылары
Электронды қорғау құрылғылары
Оптикалық қорғау құрылғылары
Биометриялық
|
10- слайд Биометриялық әдістер
Саусақтың таңбасы арқылы анықтау
Адамның келбеті арқылы анықтау
Қол арқылы
Пернелік жазу
Адамның көз қарашығы арқылы анықтау
Дауыс ырғағы арқылы анықтау
Қол қою арқылы анықтау
|
|
іі. алғашқы бекіту
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |