19-слайд Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
Токты ажырату (тарату тақтасындағы түмблерді өшіру)
Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;
Дәрігер шақыру (мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жакын жердегі емдеу мекемесінен).
|
20-слайд Күйгенде көмек керсету:
Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
Күйген жеріне май жағу (винилин);
Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
|
21-слайд Талып қалғанда көмек көрсету:
Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
|
22-слайд 5-тақырыпша Шаршағанда жасалынатын жаттығулар
|
23-слайд Бас жаттығуларын жасау:
Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;
Басты жан-жаққа, жоғары-төмен, оңға-солға бұру.
Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың білезігін босаңсыту.
Денені босаңсытып ширықтыру.
Көз жаттығуларын жасау
|
24-слайд Көзге арналған жаттығулар (1)
1-4-ке дейiн санап, көздi қатты жұмып, сонан кейiн ашып, жайбарақат ұстап,
1-6-ға дейiн санай отырып, алысқа қарау қажет. 4-5 рет қайталау қажет
1-4-ке дейiн санай отырып, екi көздi оларға қатты күш салмай, бiр-бiрiне қаратып, соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа қарау қажет. 4-5 рет қайталау керек.
|
25-слайд Көзге арналған жаттығулар (2)
1-4-ке дейiн санап, басты қозғамай, оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату, Cоңында 1-6-ға дейiн санап, алысқа қарау. Осы тәрiздi басты қозғамай, солға, жоғары, төмен қарау керек.
1-6-ға дейiн санай отырып,көзқарасты диагоналы бойынша: оң жақ жоғарыдан - сол жақ төменге аударып, сонан соң алысқа қарау.
Cонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау.
4-5 рет қайталау.
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Қауіпсіздік техникасының ережелерінің негізгі бөлімдері:
|
Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
|
Дербес Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
|
Дербес Компьютерде жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
|
Жалпы
Дербес Компьютерде жұмысты бастау алдында
Жұмыс істеу кезінде
Авариялық жағдайларда
Жұмысты аяқтағанда
|
Дербес Компьютер электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, Дербес Компьютердің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
|
ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см)
сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек.
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
|
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі.құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Қауіпсіздік техникасының ережелерінің негізгі бөлімдері қандай?
______________________________________________________________________
2. Дербес Компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптарын атап беріңіз.
______________________________________________________________________
3. Дербес Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары қандай?
______________________________________________________________________
ІІ деңгей тапсырмалары
Дербес Компьютерде жұмысты аяқтау кезінде қандай қауіпсіздік талаптарын қолданған жөн?
ІІІ деңгей тапсырмалары
Электр тогымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсету әрекеттерінің ретін оларды бірін-біріне қосу арқылы көрсетіңдер.
Топтық жұмыс.
Сынып келесі топтарға бөлініп, әрбір топ өз тақырыбына сай баяндама дайындайды:
1-топ – Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету;
2-топ – Күйгенде көмек көрсету;
3-топ – Талып қалғанда көмек көрсету;
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
№2 сабақ
Тақырыбы:
Ақпарат және ақпараттық үдерістер
Күтілетін нәтиже:
|
|
Білім
|
•Ақпарат ұғымын біледі.
•Ақпараттың маңызды төрт түрін атап
шығады.
|
Түсінік
|
•Ақпаратттың әр салаға сәйкес қолданысы
қандай екенін айырып таниды.
•Ақпараттың қасиеттерін түсіндіреді.
|
|
Қолданыс
|
•Ақпарат көздерін ажырату үшін кестелер мен схемаларды қолданады.
|
Анализ
|
•Ақпараттық процестердің қайсысы басым екенін ерекшелейді.
|
Синтез
|
•Тұрмыста, ғылымның қай саласында болмасын ақпараттың атқаратын рөлін түйіндейді.
|
|
Баға
|
•Ақпаратты жеткізу, сақтау, қабылдау үшін қолданылатын әр құралдың тиімділігін қарсы қойып салыстырады.
•Бейнелік және таңбалық ақпараттың байланысын анықтайды
|
Сабақ құрылымы:
|
|
І. Ақпарат алмасу (15 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
|
Сабақ типі:
|
|
• Сабақта жаңа білімді игеру
|
Оқыту әдісі:
|
|
• Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
Жаңа терминологиямен таныстыру
Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету
Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру.
Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Ақпарат, материя, энергия, статикалық, динамикалық, объективті, субъективті, сигнал, электромагниттік, механикалық, биохимиялық, физиологиялық, гендер, таңбалы, бейнелі.
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
• Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
• Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
• Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік
тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
Ақпарат көздері:
|
|
1. Информатика. Ермеков Н., Стифутина Н. Атамұра, 2007
2. Информатика и ИКТ. Учебник для 7 класса. Босова Л.Л.
3. Информатика и ИКТ. Учебник для 7 класса. Угринович Н.Д.
|
Қосымша материалдар:
Ақпарат ағыны. Cілтеме: http://www.waimauku.school.nz/
Ақпарат. Сілтеме: http://www.healththeorganicway.com/
Ақпарат белгісі. Сілтеме: http://meds.queensu.ca/
Ақпарат ортасы. Cілтеме: http://www.waimauku.school.nz/
Адам және ақпарат. Сілтеме: http://www.oracleatoz.com/
Ақпарат тасушылар. Сілтеме: http://www.autismtraining.com.au/
Оқушы жетістігін бағалау:
• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус)
алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
|
Үй тапсырмасы:
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
Анықтамаларды жаттау, өмірде кездесетін 2 ақпарат мысалын
және ғылымда қолданатын 2 ақпарат мысалын келтіру.
|
• Бонус-балл тапсырмасы
Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтіру.
Тақырып жоспары:
1. “Ақпарат” терминінің анықтамасы, шығу тарихы
2. Ақпаратты күнделікті өмірде қолдануы, мысалдар
3. Ақпараттың негізгі түрлеріне қысқаша шолу
4. Адамның ақпаратты жеткізуі, сақтауы, қабылдауы
Слайдтар:
1-слайд (титул)
|
|
2-слайд
Сабақтың мақсаты
|
4-слайд 1-тақырыпша “Ақпарат” терминінің анықтамасы, шығу тарихы
|
5-слайд Ақпарат дегеніміз не?
Ақпарат – бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу.
|
6-слайд “Ақпарат”сөзінің пайда болу тарихы
"Ақпарат" сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан.
|
7-слайд 2-тақырыпша Ақпаратты күнделікті өмірде қолдануы, мысалдар
|
8-слайд Ақпараттың қолданысы
Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі:философия, экономика, физика, математика, информатика т. б. салаларында кеңінен енді.
"Ақпарат" деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнынбілдіреді.
Ақпарат материямен және энергиямен қатар бізді қоршаган ортаның құрамдыбөліктерінің бірі болып саналады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |