Алгоритмді орындаушы – алгоритмнің сипаттамасын дұрыс интерпритациялайтын және ондағы қамтылған әрекеттер тізбегін орындауға бейімделген субъект немесе құрылғы.
Алгоритм арнайы орындаушыға арналып құрылу керек.
Орындаушы алгоритм командаларында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындалуы үшін командалар орындаушының білім деңгейіне сәйкес болуы керек.
Мысалы:
«Х санын квадратта» деген команданы бастауыш сынып оқушылары түсінбейді, ал соны «Х санын Х санына көбейт» деп айтсақ, онда бұл команданы олар орындай алады.
Жалпылық немесе ортақтық
Алгоритм құрғанда белгілі бір проблемаға ғана арналмай, осы тәріздес мәселелер шешімін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.
Мысалы:
Мазмұны жағынан ұқсас есептердің барлығына ортақ бір формула қолдану.
Нәтижелілігі
Кез келген алгоритмнің нәтижесі болу керек.
Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз керек.
Мысалы :
Сандарды қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар мәні жатады, ал нәтижесі қосынды болады.
Орындаушы жұмысын программалау
Программа – бұл алгоритм, орындаушы тілінде жазылған алгоритм.