ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РМҚК «Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ АРҚАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТІҢ ТӨМЕНГІ СЫНЫПТАРЫНДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ КЕЙБІР ПРИНЦИПТЕРІ
Орындаған:
«050111» информатика
мамандығының 4 курс студенті: Туленов Қ.
Ғылыми жетекшісі:
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі,
Арқалық, 2010
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ....................................................................................................................
1 ТӨМЕНГІ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ .......................................................................................................
1.1 Төменгі сыныпта информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері..........................................................................................................
1.2 Информатиканы оқыту әдістері және жетілдіру жолдары...........................
1.3 Бастауыш сыныптарда информатиканы элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі...................................................................
2 ТӨМЕНГІ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ......................................................................
2.1 Информатиканы оқытуды ұйымдастырудың түрлері.....................................
2.2 Төменгі сыныпта деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану......
2.3 Төменгі сыныпта жаңа ақпараттық технологияларды қолдану................
2.4 Бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолданудың
қазіргі жағдайы...............................................................................................
3 Эксперименттік бөлім........................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ....................................................................................................... ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ.....................................................................
КІРІСПЕ
Бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі-оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық психологияны таңдау. Оқушы әрекеті-білім мазмұнын білуге ынтасы, құштарлығы және оны қабылдауы. Білім мазмұны оқушыларға негізінен оқулық немесе электрондық оқулық беріледі.
Оқушының ақпараттық сауаттылығы компьютердің қолданылу сферасын білуден басталады. Олар компьютерді іске қосып, бағдарламалар кітапханасынан керегін алып пайдалана білуге онымен мәтін жазуға, керек ақпаратты іздеп табуға, сурет салуда пайдалануға және т.б. үйренеді.
Соңғы жылдары компьютерлік, телекомуникациялық техниканың, технологияның рөлі мен орны түбегейлі өзгерді. Әлеуметтік кеңістік ғаламдық ақпараттандыру – қоғамның даму заңдылығының бірі болып отыр.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта «қоғамды информатикаландыру», «білім беруді информатикаландыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Қоғамды информатикаландыру – ғылыми техникалық үрдіс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуалдық түрлерінің жан - жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты обьективті үрдіс. Сондықтан төменгі сыныптарда информатика сабағын кірістіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Диплом жұмыстың мақсаты:
Информатиканы орта білім беру жүйесінде оқытуды оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу сақтау, жеткізу және оны қолдану процестері туралы білімдерді меңгерту, басқаша айтқанда оқушыны ақпараттық біліммен қаруландыру. Мұғалімдердің төменгі сыныптарда информатиканы оқытуды ұйымдастыру барысында қажет болатын білім білік және дағдыларды қалыптастыру.
Жұмыстың методологиялдық базасы: информатика әдістемелік кабинеті
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Төменгі және бастауыш сыныптардағы оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін практикада іске асыру.
Мәселенің зерттелу деңгейі: Жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады. «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу- әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселелерін жан-жақты қарастыратын курс болып табылғандықтан, төменгі және бастауыш сыныптарда информатиканы оқытуды зерттеу болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, 2 тараудан, эксперименттік бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған дерек көздерінен тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыстың мақсаты, практикалық маңыздылығы, тақырыптың өзектілігі көрсетілген. 1 тарауда Төменгі сыныптарда информатиканы оқыту әдістемесі қарастырылған. 2 тарауда Төменгі сыныптарда информатиканы оқыту үрдісін ұйымдастыру формалары жеке қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |