«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы



бет1/2
Дата12.10.2022
өлшемі54,5 Kb.
#152686
  1   2
Байланысты:
Informatikany o 1179 ytu 1241 distemesi TEST SPETsIFIKATsIYaSY


«Информатиканы оқыту әдістемесі»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М012

Информатика педагогтарын даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

3. Тест мазмұны:



Тақырыптың мазмұны

Қиындық деңгейі

Тапсырмалар саны

1

Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі, оның объектісі, пәні және міндеттері.

1-А,
1-В

2

2

Информатика орта мектепте ғылым және оқу пәні ретінде.

1-А,
1-В

2

3

Орта мектепте информатиканы оқыту тарихы

1-А,
1-В,

2

4

Мектепте информатиканы оқытудың қазіргі кезеңдегі мақсаты мен міндеттері.

1-А,
1-В

2

5

Информатика негіздерін оқытудың нормативті құжаттары

1-А,
1-С,

2

6

Информатиканы оқытудың инновациялық әдістері

1-А,
1-С,

2

7

Информатиканы оқыту құралдары

1-В,
1-С,

2

8

Мектепте информатиканы оқытуды ұйымдастыру. Информатикадан білімді бағалау

1-В,
1-С.

2

9

Информатиканы сыныптас тыс оқыту

1-В,
1-С.

2

10

Мектеп информатика курсының негізгі бөлімдерін оқыту әдістемесі

1-В,
1-С

2

Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

20



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмаларының мазмұнында мектепте информатиканы оқыту жүйесінің және олардың арасындағы байланыстың негізгі құрауыштары туралы түсініктерінің қалыптасу деңгейін айқындау қарастырылған.
Емтихан тапсыратын талапкерлер:

  • оқушылардың жан – жақты тұлғалық дамуын қалыптастырудың мектеп информатикасындағы мәні және рөлін;

  • мектеп информатикасын оқытудың мақсатының үш аспектісін: білім беру, дамыту, тәрбиелеу;

  • мектепте информатиканы оқытудың негізгі концепциясының мәнін;

  • оқытудың әртүрлі деңгейлерінде мектеп информатикасын оқытудың әдістемелік және мазмұндық аспектісін;

  • курстың бағдарламалық қолданбаларын қолдану біліктілігі және оның әдістемелік мақсатқа бағыттылығын;

  • информатика мұғалімінің сабақты ұйымдастыру мен жоспарлаудағы қызметтерінің мазмұнын;

  • оқушылардың оқу іс – әрекетін басқару және әртүрлі ұйымдастыру формаларымен информатика пәнін өткізу мен оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін білу біліктілігін;

  • топтағы әртүрлі жастағы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту үшін информатика сабағын ұйымдастыру біліктілігін көрсету тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет