Инженерия факультеті


TCP/ІР хаттамасының стектері



бет3/4
Дата14.11.2022
өлшемі46,17 Kb.
#158064
1   2   3   4
Байланысты:
CTLWEPMZSAMU22102022132240
1, ИНФОРМАТИКА пәнінен ҰБТ ға дайындалуға арналған терминдер тізімі, Қысқамерзімді жоспа6
TCP/ІР хаттамасының стектері
Интернеттегі жүйелер бір-бірімен шексіз байланыста болады, себебі мәлімет беруге қатысатын барлық компьютерлер TCP/ІP коммуникациясының біркелкі хаттамасын пайдаланады.
TCP/ІP хаттамасы – жүйедегі мәліметтерді жіберудің әр түрлі аспектілерін анықтайтын әрқайсысы жеке екі хаттама болып табылады.
• TCP хаттамасы (Transmіssіon Control Protocol) – қателері бар пакеттерді автоматты түрде қайтадан жіберетін, мәліметтерді жіберетін басқару хаттамасы; бұл хаттама жіберілген ақпараттарды пакеттерге бөлу, қабылдаушы пакеттеріндегі ақпараттардың дұрыс қалпына келтіруге жауап береді;
• ІP хаттамасы (Іnternet Protocol) – жүйеаралық өзара әрекеттердің хаттамасы. Ол пакетті адресіне жіберу және қажет адреске беру жолында тұрған бірнеше жүйелерден өту мүмкіндігін жауап беретін хаттама.
TCP/ІP хаттамасы бойынша ақпараттарды жіберу схемасы мынадай: ТСР хаттамасы ақпаратты пакеттерге бөліп, оларды нөмірлейді; одан соң ІP хаттамасының көмегімен барлық пакеттер қабылдаушыға тапсырылады, сол жерде барлық пакеттердің қабылданғаны жайында ТСР хаттамасының көмегімен тексеріледі; барлық пакеттер қабылданып болған соң ТСР хаттамасы оларды қажетті тәртіп бойынша орналастырады және бір тұтас етіп жинайды.
Әрбір Интернетке қосылған компьютерлердің бағалары бірдей, өте сирек кездесетін екі адресі: сандық ІP-адрес (цифровой ІP-адрес) және символды домендік адресі (символический доменный адрес) болады. Адрестерді тағайындау мынадай схема бойынша жүргізіледі: Жүйелі ақпараттық Орталық халықаралық ұйымы жергілікті жүйелердің иелеріне адрестердің топтамасын береді, ал қалғандары нақты адрестерді бөледі.
ІP-компьютердің адресінің ұзындығы 4 байт. Әдетте бірінші және екінші байттар жүйе адресін, ал үшінші байт жүйе бөлімшесінің адресын, ал төртіншісі бөлімше жүйенің тармағының адресін анықтайды. ІP-ге ыңғайлы бөлу үшін адрес нүктелермен бөлініп 0-ден 255-ке дейінгі төрт таңбалы сандармен жазылады, мысалы: 145.38.6.135. Жүйенің адресі – 145.38; жүйе бөлімшесінің адресі – 6; компьютердің жүйедегі адресі – 135.
Сандық адрестен домендік адрестің айырмашылығы оның символикалығында және оны адам есте жақсы сақтайды. Домендік адрестің мысалы, basа.lek.nur.kz. бұл жердегі домен basа – компьютердің анық атауы, өз ІP-адресі бар, домен lek – өзі компьютерге берілген топтың атауы, домен nur lek – доменіне атау берген өте ірі топтың атауы, және т.с.с. Домендік адрес мәліметтер жіберу процесінде ІP-адресіне өзгереді.
TCP/ІР хаттамасының стектері
TCP/ІР-Итернетте қолданылатын әр түрлі деңгейдегі желілік хатттамалардың жиынының, стек жинақталған аты.
TCP/ІР ерекшелігі:

  • программаның және ақпараттың жабдықтардан тәуелсіз өңделетін ашық стандартты хаттамалар;

  • өткізудің физикалық ортасынан тәуелсіз;

  • пайдаланушылар қызметін таратуға арналған жоғары деңгейлі стандартты хаттамалар.

TCP/ІР хаттамасының стектері 4 деңгейге бөлінеді: қолданбалы, транспорттық, желі аралық, физикалық және каналдық.
Мәліметтер пакетпен жіберіледі. Пакеттердің басы және соңы болады, оған қызметші ақпараттар жазылады. Өте жоғары деңгейдегі мәліметтер кіші деңгейдегі пакеттерге қосылады.
TCP/ІР стегі белгілі бір хаттамаларды ғана қолдануды көрсетпейді, ол қолжетімді деңгейде мәліметтерді өткізу ортасы мен физикалық ортасын көрсетеді. Өткізу ортасында қолжетімді деңгейде ІР модульді интерфейс болуы шарт, ол ІР – пакеттерді өткізуді қамтамасыз етеді.
ІР хаттама мәліметтер блогын бір ІР-адрестен екіншісіне жеткізеді. Бір немесе бірнеше хаттамалардың функциясын жүргізетін программа модульдер деп аталады, мысалы: «ІР-модуль» «ТСР-модулі». ІР модулі ІР- пакеті төменгі деңгейден қабылданған кезде, оны тағайындалған ІР адреске тексереді.

  • егер ІР-пакет осы компьютерге бағытталса, онда ондағы мәліметтер жоғары деңгейдегі модульдерге өңдеуге жіберіледі.

  • егер ІР-пакеттің тағайындалған адресі бөтен болса, онда ІР модуль екі шешім қабылдайды: бірінші – ІР пакетті жою, екінші – ары қарай тағайындалған адреске жіберу, ал маршрутты анықтауды маршрутизаторлар бар желі шекарасында ІР-пакеттерді фрагменттерге бөледі, содан соң қабылдаушы компьютерге жинақталады.

Егер ІР модуль қандай да себептермен ІР пакетті жеткізе алмаса, ол жойылады. Бұл кезде ІР модуль компьютерге ІР-пакеттің қателігі туралы хабарлама жібереді, ондай хабарламалар ІСМР (Internet Control Message Protocol- ІР хаттамасының кеңейтілуі, қате туралы немесе тексеру туралы хабарламаларды жіберуге мүмкіндік береді) көмегімен жеткізіледі. Одан басқа ІР-пакеттерге жеткізгені туралы, дұрыстығын реттеуге мүмкіндіктері жоқ. Бұл мәселе транспорт деңгейге жүктелген.

HTTP хаттамасы


Компьютерлік хаттама - Интернет құжатының экранға қалай жіберілетіндігін реттейтін көрінбейтін компьютерлік ережелер жиынтығы. Ондаған бағдарлама ережелері ақшаңызды қауіпсіз сақтау үшін қызметкерлердің жұмыс процедураларын пайдаланған жағдайда, фондық режимде жұмыс істейді. Олар Интернеттің және Интернеттің ережелерін басқару сияқты көрінбейді.
Құжаттың интернет протоколы браузерің мекенжай жолағындағы алғашқы үш әріппен сипатталады, үш символдан тұратын ' // '. Сіз көретін ең жиі кездесетін хаттама - тұрақты гипермәтіндік бет үшін http: // . Екінші ең көп кездесетін хаттама - https: // , хакерлерге қарсы қорғалған гипермәтіндік беттер үшін.

SMTP хаттамасы


Электронды пошта (ағылш. Email, e-mail яғни electronic mail) – технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық). Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады.
SMTP (ағылш. Simple mail transfer protocol - поштаны жіберудің қарапайым хаттамасы) дүниежүзіндегі жалпы қабылданған электронды поштаның алмасу хаттамасы болып табылады. Жалпы қабылданған реализацияда ол пошта қайта сілтеулерінің ережелерін анықтау үшін DNS -ті қолданады. Әртүрлі домендерде өздерінің, бір-бірлерінен тәуелсіз, пошталық жүйелері икемденген. Пошта қайта сілтеу бағдарламаларының қолдануымен түйіншектер арасында жіберіледі(ағылш. Mail Transfer Agent;мысалы, sendmail, exim4, pastfix, Microsoft Exchange Server, Lotus Domino т.б.). Бір-бірлерімен ара-қатынас кезінде жүйелердің тәртібі қатал түрде стандартизацияланған, ол үшін SMTP хаттамасы қолданылады. Пошталық жүйе және қолданушылардың қарым-қатынасы жалпы жағдайда, ешқалай тәртіптелмейді және озбырлы болуы мүмкін, бірақ қалай ашық болса, солай жабық хаттамалар болады. Пошталық жүйеде жұмыс жасайтын және қолданушыларға қызмет көрсететін бағдарлама, MDA деп аталады (ағылш. mail delivery agent, поштаны жеткізу агенті). Басқа пошталы жүйелерде MDA және MTA бір бағдарламаға бірігуі мүмкін, басқа жүйелерде әртүрлі бағдарлама ретінде таратылып берілуі мүмкін. Қолданушы оның көмегімен қатынауды жүзеге асыратын бағдарлама, MUA(ағылш. mail user agent) деп аталады. Кей жағдайда, мыс, веб-интерфейсте болмауы мүмкін.

POP3 хаттамасы


SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) – электрондық поштаның арнайы (E-mail) хаттамасы. Электрондық пошта SMTP, POP3 сияқты екі хаттама арқылы жұмыс атқарады. Алғашқысы мәлімет ішінде гиперсілтеме қолдануға мүмкіндік береді, хаттарды жақын жердегі серверге жөнелтеді, ал POP3 – алушы маңындағы серверге келіп түскен мәліметті керекті компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді.

Telnet – компьютердің желідегі басқа компьютердің терминалы ретінде тіркелетін қызмет түрі болып табылады. Қашықтағы компьютерден программаларды іске қосып, оқу орындарының кітапхана түбіртегтерін көріп, олармен өз компьютеріміздегідей жұмыс істеуге мүмкіндік береді (өңдеу және түзету әрекеттерімен қоса).


Telnet – интернеттің ең ескі ақпараттық технологиясы. Ол бір жарым мың ресми желі материалдарының ішіндегі RFC (Request For Comments) деп аталатын, үш ондыққа енетін стандарттар санына енеді. Telnet көмегімен кез келген портқа жүгініп және қарауға болады, оның жауабын көруге болады.
Telnet келесі үштіктен тұрады:
1. қолданушының Telnet-интерфейсі;
2. Telnet үрдісі;
3. Telnet хаттамасы.
Бұл үштік алыстағы компьютер ресурстарына қол жеткізу үшін желілік терминалды жүргізеді және сипаттауды қамтамасыз етеді.
Telnet хаттамасы. Тelnet хаттама ретінде ТСР транспорт хаттамасының қосымшасы болады.
Telnet-тің негізінде үш іргелі идея жатыр:
1. NVT (Network Virtual Terminal - Желіге виртуалды терминал) концепциясы;
2. Келісім-шарт опциясы (өзара әсер параметрлерін келістіру);
3. «терминал -үрдіс» байланыс симметриясы.
Telnet байланыс программасын орнатқанда, ол нақты терминал құрылғыларымен жұмыс істейді және бұл программаға қызмет көрсеткенде спецификация ақпаратының алмасуы үшін терминал құрылғыларының жұмысының ережелері немесе Желілік виртуалды терминал (Network Virtual Terminal) қолданылады. Қысқарту мақсатында мұны NVT спецификациясы дейміз. NVT – бұл нақты физикалық терминал құрылғысының мүмкіндіктерін кеңінен қолданылатын стандартты сипаттау табылады.

WAP хаттамасы


WAP хаттамасы негізіндегі мобильді интернет
WAP (Wireless Application Protocol - желісіз қосымшалар хаттамасы) –бұл хаттама немесе техникалық стандарт, осы тәсіл арқылы ақпарат Интернет желісінен шағын ұялы телефон дисплейіне беріледі. Бұл технология ұялы телефоннан Internet желісінің мобильді ресурстарына қосылу мүмкіндігіне ие болуға, WML немесе XHTML формаларындағы ұялы телефон мүмкіндіктеріне арнайы икемделген ақпаратты алуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет