Жанаманың элипске тән құрылымы ( 19 сурет) келесі үлгіде орындалады. Шеңбер доғалары R1 = PF2 және R2 = АВ жүргізіледі, доғалар қиылысында Е және G нүктелерін аламыз да оларды F1- мен қосқанда М және N жанама нүктелері табылады.
19 сурет – Жанамалардың P нүктесінен эллипске тән құрылымы
Жанамаларының гиперболаға тән құрылымы (20 сурет) ұқсас түрде. R1 = PF2, R2 = АВ, Е және G нүктелерін F1 фокусымен қоса отырып, М және N жанама нүктелерін табамыз.
20 сурет – Жанамалардың P нүктесінен гиперболаға тән құрылымы
Жанамалардың параболаға тән құрылымы (21 сурет) қарастырылған жағдайлардан ерекшеленеді, (18, 19 сурет) осы орайда бір доға ғана R1 = PF орын алады, Е және G нүктелері доғалар қиылысында d директрисасы орын алады, ал түзу ЕМ және GМ директрисаға перпендикуляр болады.
21 сурет – Жанамалардың P нүктесінен параболаға тән құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: |