Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасы


Кирхгоф заңдарын күрделі тізбекті есептеу үшін қолдану



бет4/6
Дата02.10.2023
өлшемі5,12 Mb.
#183289
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3-такырып

Кирхгоф заңдарын күрделі тізбекті есептеу үшін қолдану
Кирхгофтың заңдары көмегімен электрлік тізбекті есептеу үшін:

  1. Тізбекте ток бағытын еркімізше таңдау керек;

  2. Кирхгофтың І – заңына сәйкес тізбектегі түйін санынан бірге кем болатын теңдеулер құру қажет;

  3. Кирхгофтың ІІ – заңы бойынша есепті шешуге қажетті теңдеулерді жазу керек. Контурды таңдаған кезде алдында қарастырылмаған тармағын таңдау қажет;

  4. Токтарды анықтағаннан кейін осы токтардың нақты бағытын дәлірек анықтау керек.



Суперпозиция әдісі
Егер тізбекте бірнеше қоректендіру көзі бар болса, онда мұндай тізбекті есептеу үшін суперпозиция әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс ЭҚК әсерлерінің тәуелсіздік принципін пайдаланады. Бірнеше ЭҚК тудыратын токтар жеке әрбір ток көзі тудырған токтардың алгебралық қосындысы болып табылады. Суперпозиция әдісі күрделі тізбектерді есептеуді әрқайсысында бір қоректендіру көзі бар элементар тізбектерді есептеумен алмастыруға мүмкіндік береді.
Бірнеше қоректендіру көзі бар күрделі тізбектерді есептеуді суперпозиция әдісі бойынша төмендегідей жасауға болады:

  1. күрделі тізбекті әрбір элементар тізбекте бір ток көзі болатындай бірнеше тізбекпен ауыстырады, басқалары ток көзінің ішкі кедергілеріне тең кедергілермен ауыстырылады;

  2. әрбір тармақтағы токтардың шамалары мен бағыттарын анықтай отырып, элементар тізбектерді есептейді;

  3. әрбір тармақтағы сәйкес токтардың алгебралық қосындысы ретінде нақты токтарды табады, яғни нақты токтардың қосындылары элементар тізбектердегі осы тармақтың токтары болып табылады.

Мысалға 2.3.4 – суретте көрсетілген тізбекті есептейік. Бірінші жағдайда тізбекті ЭҚК-сіз есептейік. Бұл ЭҚК-тің ішкі кедергісі нөлге тең. Барлық токтарды штрихпен белгілейік, яғни




2.3.4-сурет. Күрделі тізбек

;
;
. (2.3.8)



Әрі қарай тізбекті ток көзісіз қарастыруға болады, бірақ оның ішкі кедергісін ескеру қажет. Токтарды екі штрихпен белгілейміз:


;
;
. (2.3.9)
Нақты токтар элементар тізбектердегі сәйкес токтардың қосындысы болып табылады, яғни:
,
,
. (2.3.10)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет