1.4 Өнеркəсіптік қауіпсіздік
Өнеркəсіптік қауіпсіздіктің басты мақсаты – зауыттың өндірістік нысандарында қауіпті оқиғаларды болдырмау мен апатты жағдайлардың алдын алуды көздейді. Өнеркəсіптік қауіпсіздік- өндірістік бақылауды қамтамасыз етумен атқарылады.
Өндірістік қауіпсіздікті бақылау – өнеркəсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесінің бір бөлігі. Ол зауыттың қауіпті өндірістік нысандарының қызметін қауіпсіздендіру,
олардағы апаттық жағдайлардың алдын алу, апатты жағдайлар бола қалған жағдайда, келген зардабын жоюдың кешенді шараларын жүзеге асырады.
Өнеркəсіптік қауіпсіздікті сақтауды бақылау шараларының міндеті - зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркəсіптік қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын қадағалау, сонымен қатар өндірістік жұмыстың ахуалына ықпал ететін, қауіпсіздік талаптарының бұзылу себебтерін анықтау болып табылады.
Өндірістік бақылауды жүзеге асыруда мынадай міндеттер шешіледі: Қазақстан Республикасы құқықтық-нормативтік актілеріндегі жəне басқа да заңдармен бекітілген өнеркəсіп қауіпсіздігі талаптарының тұрақты орындалуын қамтамасыз ету; өнеркəсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуына əкелетін себептерді анықтау:
зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркəсіптік қауіпсіздік жағдайына сараптау жүргізу; өнеркəсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуы мен үшінші тұлғалардың жасаған залалын жою, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу шараларын жасау; зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы технологиялық тоқтап қалуды, апаттық жағдайдың алдын алу, хабарлау, жұмысын үйлестіру сонымен қатар болған апатты жағдайлардың залалын жою; қауіпті өндірістік нысандардағы қолданылатын энергетикалық жəне техникалық құрылғылардың сынағын өткізу, бақылау жəне өлшем құрылғыларының жөнделі мен уақытында тексерілуін қамтамасыз ету; технологиялық тəртіптердің тұрақты бақылауын орнату; өнеркəсіптік қауіпсіздік жағдайына тұрақты бақылау орнату жəне өндірістік қауіпті факторларды анықтау; зауыт еңбеккерлерінің өнеркəсіптік қауіпсіздік жүйесі бойынша дайындығын ұйымдастыру, тексеру, аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыруі; өнеркəсіптік қауіпсіздік жағдайына ықпал ететін бұзылулардың себебі мен салдарларын табу; зауыттың өндірістік қауіпті нысандарындағы өнеркəсіптік қауіпсіздік жағдайының анализі;
өнеркəсіптік қауіпсіздік жағдайын жақсартуға жəне үшінші тұлғаларға, қоршаған ортаға келтірілетін зияндарды болдырмауға бағытталған шараларды əзірлеу;
зауыттың өндірістік қауіпті нысандарында авариялар, қақтығыстар, технологиялық іркілістерді алдын ала ескертуге жəне оларды оқшаулау мен жоюға бағытталған жұмыстардың координациясы;
зауыттың өндірістік қауіпті нысандарында қолданылатын тəжірибелер өткізуге, техникалық қондырғылар, энергетикалық жабдықтар, жөндеу жəне өлшеу бақылау заттарына уақытылы бақылау;
технологиялық тəртіпті сақтауды үнемі бақылауду ұстау; өнеркəсіптік қауіпсіздік жағдайына тексерулер өткізу жəне өндірістік зиянды факторларды анықтау;
өнеркəсіптік қауіпсіздік саласында зауыт жұмысшыларын аттаестациялау жəне оны ұйымдастыру;
Қорытынды
Оқу жоспарына сәйкес 2020 жылдың ақпан – наурыз аралығында «Ақ Берен» РМҚК Батыс Қазақстан филиалында өндірістік практикадан өттім. Тәжірбие жетекшісімен жоспардағыдай бірге тапсырылған жұмыстарды жүзеге асырдық.
Бұл бөлімде келешек маман ретінде білуім керек құжаттармен танысып, бас мамандармен бірге жұмыс істедім. Мұнда мұрағаттардағы барлық құжаттардың қалай электронды түрде тексеруге болатынын үйрендім.
«Ақ Берен» РМҚК Батыс Қазақстан филиалы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.11.1998 жылғы №1139 қаулысына сәйкес құрылған. Филиалдың негізгі мақсаты құрғақта, теңізде және Қазақстан Республикасының аумағындағы су қоймаларында операциялар жүргізу кеізнде ашық газ және мұнай атқыламаларының пайда болуының алдын алу бойынша кешенді жұмыстар, қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілерде және арнайы техникалық құрылыстың суасты бөлігінде профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады. Инновациялық технологиялар, қызметкерлердің жоғары кәсіби деңгейі, шығармашылық ұжымы және компанияның біртұтас командасының табысы оның жетістігінің негізі болды.
Білім берудің қазіргі кезеңінде еліміздегі жоғарғы оқу орындарында білім беру сапасына ерекше көңіл бөлінуде. Жоғарғы орындарда міндеті озық практиканы ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерсіп, білімдерін жерге орналастыру және кадастр саласындағы практиканың мәселелерді шешуде тиімді қолдана алатын сапалы мамандар дайындау. Осы бағдарламаның ерекшелігі практиканың барлық практика түрінің білікті талаптарына сай маман дайындауға мақсатты бағытталуы және өту кезеніне байланысты практиканың жекелеген түрлері арасындағы өзара байланыстың болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |