16 сабақ. Тыныс белгілері.
Нүкте, қос нүкте, көп нүкте, нүктелі үтір, үтір.
Мәтін тапсырмалары
Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыз.
Мәтіндегі қиын сөздерді теріп жазыңыз.
Мәтінді әңгімелеп беріңіз.
Қорғалжың қорығы
Қорғалжың қорығы - құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың табиғат өзгерісіне бейімделінуін зерттеу үшін құрылған. ҚазССР Министрлік Советінің қаулысы бойынша 1968 жылы ұйымдастырылған. Бұл қорық Ақмола қаласынан оңтүстік батыста 140 км жерде орналасқан. Қорғалжың теңіз көлдерінің айдынын және олардың қамысты, нулы жағалауларындағы 2 мың км аумақты алып жатыр.
Қорықтың климаты құстар мен жануарлардың тіршілік етіп, өсіп-өнуіне өте қолайлы келеді. Жазда 40° ыстық, қыста 40° аяз болады, жылына 200 мм шамасында жауын-шашын болады. Жаз айларында мұнда Африка, Оңтүстік Еуропа және Үндістаннан мыңнан астам үйрек, қаз, аққу, қызыл қаз, ақ шіл, шағала, бірқазан, жапалақ, тырна, көкқұтан т.б. құстар келеді. Көктем айларында бұларға арнап көл жағалаулары мен шөпті, ағашты алаңдарға мыңдаған ұя салынады, жабайы күріш сияқты өсімдіктер себіледі. Қорықта жануарлардан ақ қоян, көртышқан, борсық, киік, жабайы шошқа т.б. аңдар кездеседі. Шортан, қызыл қанат, сазан т.б. балықтардың өсіп-өнуіне толық мүмкіндік жасалған.
Қорық - туристер мен өлке тану әуесқойларының саяхат орны.
Достарыңызбен бөлісу: |