Дәріс 5.Таным философиялық мәселе ретінде – 2 сағ.
1. Гносеология және эпистемология. Таным түсінігі
2. Таным түрлері
3. Ақиқат және оның өлшемдері
1. Таным теориясы немесе гносеология философияда оның ең алғашқы даму кезеңінде ақ пайда болған. Гносеология грек тілінен аударғанда, таным туралы білім деген мағына береді.
Гносеологияның философиялық проблематикасы: дүниені танып білуге бола ма, адамның танымдық табиғатын, нақты білімге қатынасын, оның мәдениет пен коммуникация жүйесіндегі өмір сүру шартын, ақиқат білімге жетудің заңдылықтары мен тәсілдерін оқытады. Гносеология адамның дүниені танып білу қабілетін, танымның негізгі заңдылықтарын, әдістерін, жолдарын.
Соңғы уақытта «эпистемология» термині пайда болды, ол да өте кең таралды. Бұл термин ғылыми таным теориясын білдіреді.
Дүниені танып білу мүмкіндігі мәселесінің шешімдері
Дүниені танып білуге бола ма?
Иә
Гносеологиялық оптимизм
Жоқ
Агностисизм
Кейбір жағдайда жоқ
Жартылай агностисизм
Танымның құрылымы.
Таным субектісі дегеніміз-мақсатпен бағытталған заттық-практикалық, белсенді таным әрекетін ұстанушы, ол индивид те, ұжым да, әлеуметтік топ, қоғам да болуы мүмкін.
Таным обьектісі дегініміз-субьектінің таным әрекеті бағытталған нәрсе.
Танымның түрлері: сезімдік таным (түйсік, қабылдау, елестету); рационалды (логикалық) таным (түснік, пайымдау, ой-тұжырым)
Сезімдік таным бойынша біз әлем туралы алғашқы білімдерді түйсік, қабылдау, елестету түрінде аламыз. Алынған сезімдіктер рационалды сферада ой тұжырым, пайымдау, түсінік көмегімен өңделеді. Таным процесі адамның практикалық іс-әрекетімен тығыз байланысты. Қоғамдық практика таным процесніңі негізі және мақсаты. Сезімдік таным түрлері:
Түйсік-материалды заттың адам сезім органдарына тікелей өзара әрекет ететін қарапайым, элементарлы көрінісі. Олар белгі немесе сигналды қызметтер атқарады.
Қабылдау-сезімдік таным формасы, онда обьект тікелей сезім органына әсер етіп, санада тұтастай көрініс беруі. Қабылдау түйсік негізінде пайда болады. Ол да образдық-белгі бірлігімен сипатталады.
Елестету-заттың жанама-сезімдік бейнесі, ол қабылдау негізінде пайда болады.
Рационалды таным түрлері:
Түсінік-бұл ой формасы, онда жеке заттар мен олардың топтары жалпыланады, кластарға бөлінеді.
Пайымдау-бұл ой, онда әлдене бекітіледі немесе шындық заттармен терістелуі мүмкін.
Ой-тұжырым-бұл ойлау формасы, ой-тұжырым арқылы бір немесе бірнеше пайымдаудан жаңа пайымдау шығару. Ойлауды-жалпы түрде сезімдік немесе түсінікті бейнелермен интеллектуалды операцияларды өңдеп шығару тәсілі ретінде айтуға болады.
3. Ақиқат гносеологияның ең басты сұрақтарының бірі. Философияда ақиқат мәні туралы анықтамалар өте көп. Біреулер үшін ол сәйкестік пен корреспонденция болса, екіншілер үшін эмпирикалық концепция, үшіншілері үшін конвенционалды теория, төртіншілер үшін өзімен келіскен білім, бесіншілер үшін практикаға қолдануға өте ыңғайлы, т.б. Ақиқат-субьектінің шындықты танудағы практикалық білімді игерудегі адекватты көрінісі немесе обьектіге ойдың сәйкес келуі. Ақиқат өлшемдері:
Салыстырмалы ақиқат-бұл біріншіден, толық емес білім, ол қоғам дамуының білгілі-бір деңгейімен сәйкес келеді, екіншіден, белгілі-бір шартқа, орын мен уақытқа тәуелді білім.
Абсолютті ақиқат-бұл біріншіден, шексіз әлем туралы толық білім, екіншіден, болашақта терістелінбейтін білімдер.
Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік-тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективті. Объективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі, біліміндегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз объективтік пен субъективтіктің диалектикалық бірлігі. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді – салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді – абсолютті ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолютті ақиқат – әлеуметтік, тарихи процесс ретіндегі объективті ақиқаттың көріністері. Объективті ақиқат салыстырмалы – абсолютті түрде ғана өмір сүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |