Инклюзивті білім берудін мазмұны:
Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:
* жалпы мектептерге арналған типік оқу бағдарламалары:
* мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары
*мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық-медицина-педагогикалық кеңестің қортындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік білім жалпы беретін мектептерде тегін оқуға құқылы деп шешілген.
Атап айтсақ мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.
Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі –еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.
Инклюзивті білім беру оқыту процессінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педогогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшілігінде ескерген жөн.
Ал бұл процессті жүзеге асыру үшін мектепте балаға психологиялық- педогогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет екенін түсініп, өзіміз соны істе асыруымыз қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балалар қатарына атап айтсақ оның бірі психикалық дамуы тежелген (ПДТ) оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар.
Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшілігі шаршағыштығымен, жұмысқа қабілеттілігі төмендігі, қоршаған орта туралы дамуында бұзылыстар байқалады. Психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педогогикалық қолдау (ППҚ) қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады, мұндайда әр маман өз бағыттары бойынша жұмыс істейді.
Жалпы инклюзивті білім беру – мүміндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудін бір формасы. Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін : жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама-қайшы қоймай, қайта жақындатады.
Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Инклюзивті оқыту- барлық кемтар балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді, барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуына тоқтап атап өтейін. «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.
Инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
· Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
· Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
· Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды.
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын, олардың мектепке даярлауға арналған әрқилы мектепке дейігнгі тәрбие және оқыту «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін » қамтамасыз ету көзделген. Қазіргі уақытта дамуында ақауы бар балалар саны артып отыр.Оларды оқыту кеңейіп , түзетіп қолдау технологиялары жетілдіруде . Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады. 2020 жылға дейін инклюзивтік білім беру мен мүмкіндігі шектеулі балалардың 50 пайызын қамту көзделсе, инклюзивті білімге жағдай жасаған мектеп үлесі 70-ға жету керек.
Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді,бұл баланың өзін –өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына , өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол ашады, осы сенімділіктерін дамыта түсуде әлеуметтік педагогтың ролі зор.Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай , ата- анасынан алшақтамай , яғни арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай , тұрғылықты жерде білім алып, қоғам біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата –анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып , жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтәк бейімдеуге, жынысына , шығу тегіне, дініне , жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергіліерді жоюға , ата –аналарын белсенділікке шақыруға , баланың түзету – педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау , қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктерінек бейімделуіне жағдай қалыптастыру , яғни , жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ деп, инклюзивті білім беруде ата-аналар мен педагогтардың көзқарасын туралы мағлұмат алу үшін, жалпы орта білім беретін мектептерде дөңгелек үстелдерді өткізіп, ИББ ісін жүзеге асыру үшін, жұмыстанудың жоспарын құраймын.
Олардан терең мағлұмат алу үшін, ассоциация стратегиясын ұйымдастырғанынан кейін, жағдаяттардың шешу жолын табу, тақырып бойынша оларға толық ақпарат берумен аяқталды.
Пайдаланған әдебеттер:
Дефектология журналы.
Конференция материалдары
Руководящие принципы политики в области инклюзивного образования. Париж, ЮНЕСКО, 2009г
Достарыңызбен бөлісу: |