- мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесі.
- ақпараттық-қатынастық технологиялар арқылы мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесін жетілдіру
- арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
1.5. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білуге тиіс : - білім жүйесіндегі дамытудың заманауи стратегиясын;
- инклюзивті білім берудің басты мақсаты мен ұғымдарын;
- инклюзивті білім берудегі педагогика мен психологияның категориялық аппаратын;
- инклюзивті білім берудің даму ошақтарын;
- инклюзивті білім берудің басты отандық және шетелдік тұжырымдамаларын;
- инклюзивті білім берудің мазмұнын, құрылымын, қайшылығын және қисынын;
- инклюзивті білім берудің заманауи инновациялық және авторлық білім беру тұжырымдамаларын;
- инклюзивті білім беру ортасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мен тәрбиедегі жалпы сұрақтарды;
- білім берудің психологиялық - педагогикалық практикасындағы инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктерін.
- инклюзивті білім берудегі көкейкесті мәселені таңдай білу дағдысын қалыптастыру жолдарын;
- өздігімен іздену, зерттеу және өзекті мәселені шеше білу дағдысын;
-мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуді.
1.6 Пререквизиттер: Педагогикалық мамандыққа кіріспе, педагогика, психология, дидактика, тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі.
1.7 Постреквизиттер: Инклюзивті білім беру жағдайында жеке пәндерді оқыту әдістемесі.