ИНКЛЮЗИВТІ ОҚУ ОРТАСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
2.3. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға педагогикалық қолдау көрсету
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау – бұл мүмкіндігі шектеулі адамдарды: интеллектуалдық, сенсорлық, физикалық, психикалық, сөйлеу бұзылыстары, мінез-құлық пен қарым-қатынастың бұзылуы бар, сондай-ақ өмір сүру жағдайлары, күнкөрісі төмен, созылмалы аурулардың немесе олардың биологиялық, физиологиялық немесе психологиялық тұтастығына қауіп төндіретін кейбір дегенеративті құбылыстары бар тұлғаларды анықтау, бағалау, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, кәсіптік бағдар беру, бейімдеу және әлеуметтік интеграциялау үшін психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік сипаттағы шаралар кешені.
Педагогикалық және әлеуметтік көмектің негізгі компоненттері:
тұлғаның психикалық дамуының арнайы ерекшеліктерін және тұлғаның барлық компоненттерін білу;
мүмкіндіктері шектеулі әртүрлі типтегі адамдарды тәрбиелеу, оқыту және кәсіптік бағдар беруде нақты проблемаларды анықтау;
оқытудың мақсаттарын, әдістері мен құралдарын ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар дамуының психофизикалық сипаттамаларының талаптарына бейімдеу;
білім беру процесіне қатысатын әрбір субъект әлеуметтік интеграция үшін қажетті ең аз білім мен практикалық дағдыларды игере алатындай оңтайлы дайындықты қамтамасыз ету (білім беру қызметтерін әртараптандыру және инклюзивті мектептерді дамыту);
отбасы, мектеп, кәсіп және қоғам салаларындағы әлеуметтік шынайы жағдайға немесе өзгерістерге жеке тұлғаны қосу;
мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтiк дезадаптация мен маргинализациясы көрiнiстерiнiң алдын алу және күресу жөнiндегi iс-шаралар;
тәуекел тобындағы адамдарға қатысты азаматтық жауапкершілігі туралы қоғамды хабардар ету, мүмкіндігінше осы адамдардың дағдылары мен қарым-қатынастарының әлеуетін қоғам игілігі үшін пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |