3 Ұйымдастыру-әдістемелік тарау
Психологиялық-педагогикалық қолдау және жеке тәсіл
Қарастырылып отырған топ оқушыларының ерекше білім беруге
қажеттілігінің бірі мұғалімдер және мамандар командасымен (психолог,
логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог, нұсқаушы, ЛФК, дәрігер т.б.)
арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауын қамтамасыз ету болып
табылады. Мамандардың өзара әрекеттестігі ерекше білім беруге қажеттілігі
бар оқушыларды оқыту мен дамыту проблемаларын еңсеруге бірыңғай
тәсілдерді жүзеге асыру мен жасау, оның отбасына көмекті ұйымдастыру,
сонымен қатар күнделікті сыныпта балалармен жұмыс істейтін педагогтарға
бағытталуы керек. Команда мүшелерінің өзара әрекеттестігінің ережесі:
- өзара сыйластық, команданың барлық мүшелері тарапынан өзара
көмекке дайындық;
- нақты педагогикалық міндеттерді шешуде нақты қызметтерді бөлу;
- білім беру және түзету процесінде команданың барлық мүшелері тең
құқылы қатысуы, өзінің және ортақ жұмыс нәтижесіне жауапты болу.
Мамандар командасы әрекетінің мазмұны айтарлықтай әртүрлі:
- мектепке келген балалардың қажеттілігі мен оқытуын қолдауға
дайындықтарын айқындау;
- мектепке бейімделуі мен оқуда қиыншылығы, зейінді және
эмоционалды, физикалық дамуында ауытқушылығы бар оқушыларды
анықтау, егер қажет болған жағдайда ПМПК кеңесіне жіберу;
- оқуда белгілі бір жетістікке жетуін қамтамасыз ететін ПМПК
қорытындысы бар оқушылардың танымдық әрекетіндегі ерекшеліктерді
зерделеу, психологиялық-педагогикалық, түзету, алдын алуын анықтау іс-
шаралары үшін жеке және эмоционалды-ерікті дамуын зерделеу;
- мектепке келген балалардың оқуға дайындығы мен қажеттілігін
қолдауды анықтау мақсатында кешенді зерделеу;
- мектепке бейімделуі мен оқуда қиыншылығы, зейінді және
эмоционалды, физикалық дамуында ауытқушылығы бар оқушыларды
уақытылы анықтау, егер қажет болған жағдайда ПМПК кеңесіне жіберу;
- оқуда белгілі бір жетістікке жетуін қамтамасыз ететін әлеуметтік,
психологиялық-педагогикалық түзету, алдын алуын анықтау іс-шаралары
үшін жеке және эмоционалды-ерікті дамуын зерделеу, ПМПК (сөйлеу, есте
сақтау, зейін, жұмысқа қабілеттігі және басқа да психикикалық функциялар)
қорытындысы бар оқушылардың танымдық әрекетіндегі ерекшеліктер мен
деңгейін анықтау;
-
ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды
психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламаларын әзірлеу
және жүзеге асыру;
- жеке, жұптық, топтық түзете-дамыту сабақтарын жүргізу;
- психологиялық-педагогикалық мониторингті жүзеге асыру;
53
- жалпы және арнайы сынып жағдайында білім алушыларға саралап
және жеке оқыту тәсілдерін қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге ұсынымдар
әзірлеу;
- консултациялық және ағартушылық қызмет.
Психолог баланың жақын арадағы даму аймағын және өзекті даму
деңгейін анықтайды, құрбылары, ата-аналары және басқа да ересектермен
қарым-қатынас
ерекшеліктерін,
эмоционалды-еріктік
саласының
ерекшеліктерін айқындайды. Психолог баланың әлеуметтік мәртебесін
көтеруді болжайтын, әртүрлі топтық психотүзету жұмыстарының
технологияларын қолдана отырып, баланы құрбыларын ескеруге бағытталған
жұмыс жасайды. Мұндай топтық жұмыс ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балалармен бірге оның құрбылары арасында әлеуметтік бейімделуі
мәселелерін шешуіне көмектесу керек. Психолог баланың ырғағы, жұмысқа
қабілеттілігі, нәтижелілігі, белсенді көңіл бөлу деңгейі іс-әрекеті
мінездемесін бағалай отырып, педагогқа баланың жұмысқа қабілетін ескере
отырып оқу жүктемесінің мөлшері, оқу материалдарының көлемі, сабақты
ұйымдастыру процесінде әртүрлі іс-әрекет түрлерін алмастыру, сыныптың
жұмыс істеу барысында баланың іс-әрекетінің ырғағын ескеру қажеттілігі мен
оқу материалдарын ұсыну ырғағы туралы ұсынымдар әзірлейді. Оқушының
психологиялық іс-әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктерін бағалау баланың
оқуы үшін дәлме-дәл ұйымдастыру жағдайын жасауға мүмкіндік береді:
сынып бөлмесінде оңтайлы жұмыс орны, сыртқы тіректерін ұйымдастыру,
жеке тәсілдемелерін қолдану арқылы оқу материалдарын бекіту мен арнайы
әдістерді беруін таңдау.
Арнайы педагог білім, білік, дағдыларын меңгеру және оқу қызметін
іске асыруда белгілі қиындықтар тудыратын қызметі бұзылуының салдарын
еңсеру болып табылатын ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылармен
түзету жұмыстарын жүргізеді. Есту қабілеті бұзылған оқушылармен жұмыс
барысында арнайы педагог сондай-ақ есту арқылы қабылдау, сөйлесім
әрекеті, коммуникациялық қызметін дамытуға бар күш жігерін салады. Көру
қабілеті бұзылған оқушылар көру арқылы қабылдауын дамытуға, кеңістікті
тұспалдау, әлеуметтік-тұрмыстық тұспалдауға мұқтаж. Тірек-қозғалыс
аппараты бұзылған балалармен жұмыс мазмұны коммуникативтік қызметінің
қалыптасуы, көру-моторлы үйлестіру және моторика, кеңістікті тұспалдау,
танымдық қызметін дамыту болады.
Логопед-мұғалім қызметінің негізгі міндеттері оқылым және жазылым
процесіне қатысатын коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру, жоғары
психикалық қызметін дамыту, оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу
тілінің кемістіктерін еңсеру болып табылады.
Мамандар командасының толыққанды жұмыс істеуі үшін балалармен
психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ететін дефектолог-
мұғалім, педагог-психолог, логопед-мұғалім, т.б. мамандардың арнайы
жабдықталған кабинеті қажет. Кабинеттер арнайы оқу-әдістемелік және
54
дидактикалық әдебиеттермен, оқыту құралдары (оның ішінде техникалық),
түзету-дамыту жабдықтарымен жарақтандырылуы керек.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының өзара
кәсіби әрекеттестігінің формасы мектептің психологиялық-педагогикалық
консилиумы болып табылады. Мектептің психологиялық-педагогикалық
консилиумы мектеп директорының бұйрығымен құрылады. Оның құрамына
логопед, арнайы педагог, психолог, дәрігер, сынып мұғалімі, тәрбиеші кіреді.
Консилиумдердің отырыстары жоспарлы және жоспардан тыс деп
бөлінеді. Консилиумнің жоспарлы отырыстары жылына 3-5 рет өткізіледі.
Жоспарлы консилиум қызметі келесідей бағытта жүзеге асады:
- оқушылардың ерекше білім беруге қажетіліктерін талқылау;
- ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға психологиялық-
педагогикалық қолдау мазмұнын әзірлеу;
-
қажет болған жағдайда ертерек болжанған оқушыларды
психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламаларын өзгерту және түзете-
дамыту міндеттерін жүзеге асыру табыстылығын динамикалық бағалау;
- оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау тиімділігін
бағалау.
Консилиумдардың жоспардан тыс отырыстарын білім беру процесін
жүзеге асырушылардың бір мүшесінің, сонын ішінде білім беру
ұйымдарының әкімшілігі, ата-аналардың сұранысы бойыншаөткізіледі.
Консилиумның жоспардан тыс отырыстарын өткізуге баланың оқуы
мен дамуына кері әсер ететін басқа да жағдайлардың шығуы себеп болуы
мүмкін. Ата-аналар мен мамандар сұранысының сипаттамасы әртүрлі болуы
мүмкін, қалай болғанда да ол баланың немесе педагогтың, олардың баламен
өзара әрекеттестік мәселелері (оқу мен дамуда) көрінуі тиіс.
Консилиум мүшелерінің психологиялық және арнайы педагогикалық
зерделеуінің деректері негізінде мамандардың сабақ барысында және
жұмыста балалармен жеке тәсілдемелерін жүзеге асыру бағыттарының
ұсынымдамаларынан тұратын оқушыларды психологиялық-педагогикалық
қолдаудың жеке бағдарламасы жасалады. Бағдарламада пән мұғалімдері мен
сынып жетекшілерін қоса алғанда әр маманның баламен жұмыс барысындағы
қатыстылық үлесі белгіленеді. Қолдаудың жеке бағдарламасына бейімдей
отырып, оқу-тәрбие процесінде оқушыға жеке тәсілдемелерді жүзеге
асырады: қол жетімділігі мен көлеміне қарай оқу тапсырмаларын іріктейді;
техникалықты қоса алғанда оқытудың қосымша құралдарын қолданады.
Оқыту процесін дараландыру әр оқушының нақты оқу нәтижесі
негізінде
және танымдық мүмкіндіктеріне
қарай
таңдалған оқу
бағдарламаларының сәйкестігі жиі бақылануы арқылы қол жеткізіледі.
Білім беру салалары бойынша білім, біліктіліктерін меңгеру
жетістіктерін үздіксіз зерделеу мақсатында мұғалімдерге білім беру
мониторингісі жүзеге асырылады. Бұл білім беру мониторингісі мұғалімдерге
балаларда оқыту процесінде пайда болған білім беру олқылықтарын
толықтыру, еңсеруге қажетті іс-шараларын ұйымдастыру, қиындықтарға дер
55
кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Осылайша оқушылардың білім алу
сапасын жетілдіру үшін жағдай жасалады. Білім беру мониторингісі арқылы
мұғалім сыныптың әр оқушысының білім деңгейін анықтайды, сол арқылы
оқушының жеке білім алу маршрутын құрады. Оқушының білім жетістіктері
әр оқу жылының аяғында арнайы психологиялық-педагогикалық карточкада
көрсетіледі.
Ерекше білім алуды қажет ететін оқушылармен толық жұмысты
қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарының кітапханасы арнайы білім
және түзете-дамыту бағдарламаларымен, арнайы оқу және әдістемелік
әдебиеттермен, дидактикалық құралдармен жабдықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |