Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-
дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына
тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс.
Әлеуметтену- әлеуметтік рөлдер мен мәдени нормаларды игере
отырып, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қызмет етуге мүмкіндік
беретін білім, құндылықтар мен нормалардың белгілі бір жүйесін меңгеретін
және көрсететін барлық әлеуметтік процестердің жиынтығы.
Психологиялық-педагогикалық қолдау – әр баланың мүмкіндіктері
мен қажеттіліктеріне сәйкес нәтижелі оқыту мен дамыту үшін әлеуметтік-
психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалатын мамандардың
тұтас, жүйелі ұйымдастырылған әрекетін көрсететін балаға оқу-тәрбие
процесіндегі көмектің (немесе қолдаудың) ерекше түрі.
Психологиялық-педагогикалық мектеп консилиумы – бұл оқушыға
көмек көрсетудің бірыңғай стратегиясын жасау үшін ерекше білім беруге
қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды
жүзеге асыратын білім беру ұйымы мамандарының өзара әрекеттестігінің
формасы.