Кіріспе Қазақстан экономикасының негізгі бағыттарының бірі мал шаруашылығы. Мал шаруашылығы Қазақстанда мыңдаған жылдар бойы дамып келе жатыр, малды өсіру орасан зор аумақтардағы аридтік жайылымдардың пайдалануды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының 272,2 млн. гектар жалпы аумағының 185,2 млн.га мал азығының жайылымдары, оның ішінде 75% шөл және шөлейт аймақтарда жатыр 5,б.22. Мал шаруашылығына қажетті азықтың үштен екісін беріп отырған табиғи жайылымдары бар Оңтүстік Қазақстан республикадағы ірі региондардың бірі. Бұл жердегі табиғи жайылымдар өсімдіктер құрамына және топырақ жерлеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Жайылымның қазіргі уақыттағы жағдайы дәлелді дабыл туғызады. Аэрокосмостық түсірім мәліметтері бойынша тексерілген 100 млн га жердің 63 млн гектары (61,2%) қуаңшылыққа душар болған), оның ішінде 47 млн га (74,6%) - малды шектен тыс жайғандықтан, 6 млн (9,6%)- техногендік факторлар әсерінен, ал 15 млн га дерлігі ауыл шаруашылығы айналымнан шығып қалған. Әр түрлі сатыдағы жайылымның тозуы республиканың барлық аймағында кездеседі 14,б 60.
Жер ресурсының Қазақстан Республикасы басқару агенттігінің мәліметі бойынша, сор және сортаң жерлер – 94,9 млн гектарды – 42,1 % құрайды. Топырақ эрозиясы 30,5 млн. га – 13,0 % Өзен немесе көл суларының бірден төмен түсуі немесе тартылып қалуы, жер асты сулары деңгейінің төмендеуі топырақ түзілуіндегі су режимінің өзгеруіне, топырақтың тозуына, шөлейттенуіне әкеп соқтырады.