19
кабинетінің қызметі арнайы құралдармен жабдықталуы қажет.
2.14.2 Музыка кабинеті оқушылардың музыканы тыңдауы мен ән
орындауы үшін қажетті шағын сахнасы бар концерт залының қызметін
атқаруы тиіс.
2.14.3 Білім алушыларға арналған жеке үстелдер мен орындықтар, көрнекі
құралдарды, ноталарды, оқулықтарды қоюға арналған сөрелер немесе шкафтар
болуы қажет.
2.14.4 Музыка кабинеті қызметі аясының кең болуына байланысты үш
функционалдық кеңістік: вокалдық-хор жұмысы үшін амфитеатр, жазбаша
және теориялық жұмыс үшін – үстелдер, музыкалық қозғалыстарға арналған
бос орын болуы тиіс.
2.14.5 Музыка кабинеті кең және жақсы желдетілетін болуы тиіс. Ән салу
және музыкалық қозғалыстар барысында тыныс алу әрекеті белсенділікке
ұшырауына байланысты ауа көп қажет болады.
2.15
Бейнелеу өнері кабинеті
Достарыңызбен бөлісу: