17-тапсырма. Ультрадыбыс Көпшілік елдерде іштегі ұрықтың (дамып келе жатқан баланың) суреттемесін ультрадыбыс (эхография) арқылы алуға болады. Ультрадыбыс ана мен балаға қауіпсіз деп есептеледі. Дәрігер хабар бергіш тетікті ананың ішінің үстінен жүргізіп отырады. Ультрадыбыс толқындары ішкі қабатқа өтеді. Ішкі құрылыстан толқындар ұрықтың сыртына келеді. Жеткен толқындар кейін қарай тетікке беріледі, тетік арқылы қондырғыға жетеді де, ұрықтың суреті шығады (34-сурет).
Сұрақ. Ұрықтың суреті сонымен қатар рентген сәулелерінің көмегімен алуға болады. Алайда әйелдерге жүкті кезінде рентген сәулелерімен ішкі құрылысты зерттеуге кеңес берілмейді. Қандай себептен әйелдерге жүкті кезінде рентген сәулелерімен ішкі құрылысты зерттеуге кеңес берілмейді?
Сұрақ: Болашақ анаға ультрадыбыс зерттеуі келесі сұрақтарға жауап бере ала ма? «Иә» немесе «Жоқ» (9-кесте).