14-есеп.Жер телімінің ауданы. Периметрі 48 м-ге тең шаршы пішінді жер телімі тіктөртбұрыш пішінді сегіз бірдей бөлікке бөлінген.
1-сұрақ. Шаршы пішінді жер телімінің өлшемдері қандай?
Жауабы: ____ .
2-сұрақ. Берілген жер телімінің ауданы қанша?
Жауабы: ____ .
3-сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің өлшемдері қандай?
Жауабы: ____ .
4-сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ауданы қанша?
Жауабы: ____ .
5-сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ауданы берілген жер телімінің ауданына қарағанда қанша кем?
Жауабы: ______ .
15-есеп.Фигураның ауданы 19-суретте жарты дөгелектен, шаршыдан және тең бүйірлі тікбұрышты үшбұрыштан тұратын фигура берілген.
19-сурет
1-сұрақ. Егер дөңгелектің радиусы 7,5 см болса, онда берілген фигураның ауданы қанша?
Жауабы: ______ .
2-сұрақ. Егер шаршының диагоналі см болса, онда берілген фигураның ауданы қанша?
Жауабы: ______ .
3-сұрақ. Егер тең бүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың ауданы 20,25 см2 болса, онда берілген фигураның ауданы қанша?
Жауабы: ______ .
16-есеп.Жер телімінің ауданы. Периметрі 20 м және ұзындығы енінен 1,5 есе артық тіктөртбұрыш пішінді жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлу қажет.
1-сұрақ. Берілген жер телімінің өлшемдері қандай?
Жауабы: ____ .
2-сұрақ. Егер шыққан жер телімі шаршы пішінді болса, оның өлшемдері қандай болуы мүмкін? Жауабы: ____ .
3-сұрақ. Егер шыққан жер телімі тіктөртбұрыш пішінді болса, оның өлшемдері қандай болуы мүмкін? Жауабы: ____ .
4-сұрақ. Берілген жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлудің ең кіші және ең үлкен саны қандай?
Жауабы: _______ .
17-есеп.Фигураның ауданы. Қабырғалары 25 см болатын шаршыға, бір төбесі осы тіктөртбұрыштың төбесімен сәйкес келетін, ал үш төбесі оның үш қабырғасының ортасы болып табылатын төртбұрыш іштей сызылған (20-сурет).