24-тапсырма. Бөтелке ішіндегі жұмыртқа
7-сурет – Бөтелкедегі жұмыртқа
Бұл көпшілікке жақсы белгілі, классикалық тәжірибе. Бұл тәжірибенің жасалып жүргеніне жүз жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған.
Тәжірибені өткізу жолы:
кең ауызды бөтелкенің аузына сұйық май жағамыз;
қағазды жағып, бөтелкенің ішіне жылдам саламыз (бұл әрекетті жасау барысында саусақтарыңызды күйдіріп алмас үшін, абайлау қажет);
қабығынан аршылған тауықтың піскен жұмыртқасын бөтелкенің аузына қоямыз (жұмыртқа бөтелкенің аузынан әлдеқайда үлкен болуы тиіс);
жанып жатқан қағаз бір секундтан кейін сөніп қалады, ал жұмыртқа белгісіз ғажайып тәсілмен бөтелкенің ішіне түседі.
Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |