18-есеп.Фигураның биіктігі. Биіктігі 30 см конус пішінді мыс тетік цилиндр етіп қайта балқытып құйылды, оның табанының радиусы осы конус пішінді тетіктің шеңбері радиусына тең.
Сұрақ. Цилиндр қандай биіктікте болады?
Жауабы: _______ .
19-есеп.Қозғалыс. Екі пойыз 60 км/сағ және 65 км/сағ жылдамдықпен бір-біріне қарсы жүріп келеді. Үш сағаттан кейін олардың арасы 250 км болды. .
1-сұрақ. 3 сағ-та әр пойыз қанша километр жүріп өтті?
Жауабы: _______ .
2-сұрақ. Пойыздар қанша сағаттан кейін кездеседі?
Жауабы: ________ .
20-есеп. Шаршы. Қабырғасы 8 см болатын шаршы пішінді қағазды 21-суретте көрсетілгендей сызықтар бойымен бүгіп үшбұрышты пирамида жасалды.
Сұрақ. Шыққан дененің көлемін неге тең?