20-тапсырма. Жалғыз аяқ (соқпақ) жол бойындағы өсімдіктер неліктен өліп қалады?
Жауапты бірнеше нұсқада беруге болады.
21-тапсырма. Құм, балшық, қарашірік, минералды тұздардың әрқайсысынан бірдей мөлшерде алынған. Олардың бәрі араластырылып, онда аз мөлшерде су құйылған. Дайын болған қоспаны топырақ деп айтуға бола ма? Неліктен?
22-тапсырма. Ауа райының ыстық болуы және жаңбырдың ұзақ уақыт болмауы жағдайында бау-бақша өсімдіктерін суарады. Құйылған су буланып кеткеннен кейін өсімдіктің түбіндегі топырақта жарықтары бар «қабыршықтар» пайда болады.
Қандай жағдайда өсімдіктер жақсы өседі:
1. Келесі суарғанға дейін «қабыршықтарға» тиіспеген жағдайда. Ия/жоқ.
2. «Қабыршықтарды» күн сайын қопсыту арқылы топырақты бұзып отырған жағдайда. Ия/жоқ.
23-тапсырма. Батпақты жерлерде өсімдіктердің дамуы үшін су жеткілікті, алайда өсімдіктердің өсуі мен дамуы нашар және баяу. Неліктен?