Инструкция: «Внимательно послушайте текст и выполните задания по тексту»



бет2/3
Дата16.05.2020
өлшемі80 Kb.
#68913
түріИнструкция
1   2   3
Байланысты:
10 нұсқа

Чтение

Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и выполните задания по тексту».

... Берке қала сыртындағы қамысты көлге барды. Онда асыранды қос аққуы бар, келген сайын күнде таңертең осы құстарды көріп қайту – мұның әдеті. Осы аққу құс – ханның ең бір осал жері. Адамды да, аңды да аяуды білмейтін Алтын Орда ханы асыранды осы қос аққуға үнемі жаны ашып тұрады. Дүниеде ешкімді жаратпаған хан бұл құстарды жанындай жақсы көреді. Қыс түссе, оларды әдейі арналған жылы жерде ұстайды, жаз шыға айдын көлге жіберіп, сыртынан бақылаушы қояды. Бұл аққу құстарды атпақ түгілі, біреу шошытатын, үркітетін болса, ондай адамды хан аямайды.

Ол кезде Берке он бірде еді. Атасы Шыңғыс хан Қытайдың бір қаласын шапқанда, немересі Беркеге осы асыранды екі аққу құсты алып келген. Ол кезде бұлар да жас еді. Балапан еді. Ұлы атасы: «Бұлар киелі құстар, сенің де киең болады, ешкімге тигізбей асыра», – деген.

Содан бері Берке бұл екі құсты асырап келеді. Ата сөзіне сенген, киелі көреді.

Ол бір күні бір құсбегі қарттан сұраған:

– Аққу қанша жасайды?

– Жүз жетпіс, жүз сексен, – деген құсбегі қарт.

– Бүркіт ше?

Әрі кетсе жетпіс, сексен.

Берке не дерін білмеген.

– Әлді бүркіт неге әлсіз аққудан аз жасайды? – деп сұраған.

– Бүркіт құстың қасқыры ғой, күші жеткенінің етін жейді, жауыздықты сүйеді. Ал аққу гүл шашағымен және қамысты көлдің таза, биязы шөбімен қоректенеді, сұлулықты жақсы көреді. Бүркіт шомылмайды, ал аққу шомыла алмаған күні суды сағынып өле жаздайды.

Қарттың сөзі Беркеге ұнамады. Сөйтсе де ол:

– Аққу неден өледі? – деп сұрады.

Қарт ойлана жауап берген.

– Адамның, құс пен аңның зорлығынан, не қайғыдан.

– Қайдағы қайғы?

– Әлде сен білмейтін бе едің? – деген қарт. – Аққу құс жалғыз өмір сүре алмайды, көлде де жалғыз жүре алмайды. Аққудың осындай асылдығы жайында халықта көптеген өлеңдер, ертегілер, мақал-мәтелдер бар.






1. Мәтіннің тақырыбы.

A) Шыңғыс ханның немересі.

B) Алтын Орда ханы.

C) Қамысты көл.

D) Қарт құсбегі.

E) Киелі аққулар.



2. Неліктен қарттың сөзі Беркеге ұнамады?

A) Бүркіт – жауыздықтың, аққу – сұлулықтың символы болғандықтан.

B) Хан мен бүркіттің мінезінде ұқсастық болғандықтан.

C) Құсбегі сөзі дәлелсіз болғандықтан.

D) Қарттың сөзі қисынсыз болғандықтан.

E) Ханның бүркіт туралы ойы басқа болғандықтан.



3. Аққудың асылдығы туралы пікірді табыңыз.

A) Аққулар жалғыз өмір сүре алмайды.

B) Аққулар жылы жаққа ұшады.

C) Аққу құстар жүз жетпіс, жүз сексен жыл жасайды.

D) Аққулар ән салады.

E) Олар тазалықты, әдемілікті жақсы көреді.



4. «Киелі» сөзінің баламасы.

A) Асыл.

B) Қасиетті.

C) Сұлу.

D) Бақытты.

E) Биязы.



5. Бүркіт пен аққуға қатысты нұсқа.

A) Менмендік, тәкаппарлық.

B) Қатыгездік, адалдық.

C) Қайырымдылық, өжеттік.

D) Сұлулық, мейрімділік.

E) Қарапайымдылық, пәктік.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет