7
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша мектепке дейінгі білім беру
қызметтерінің сапасын арттыру мен жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленіп,
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында және
мектепалды даярлық сыныптарында 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім
беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат Қазақстан
Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі негізінде әзірленген.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты әр баланың
қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы
адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен
әлеуетін ашу.
Әдістемелік нұсқау хатта 2022-2023 оқу жылындағы негізгі міндеттер
белгіленген, ол мынадай бағыттарды қамтиды:
- әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы
дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құру;
- балалардың өмірін қорғау және
денсаулығын нығайту, салауатты өмір
салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
- тәрбиеленушілердің қимыл-қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік,
эмоционалдық, әлеуметтік, когнитивтік дағдыларын қалыптастыру;
- Отанды, ана тілін сүюге, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздеріне және
патриотизмге баулу;
- баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық,
әлеуметтік дайындығын қалыптастыру және тең бастапқы мүмкіндіктер беру.
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі
қағидаларды назарда ұстау ұсынылады:
- ойын арқылы оқыту;
- түрлі балалар әрекетін ұйымдастыру арқылы (ойын, қимыл, танымдық,
шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) балаларды дамыту.
Әдістемелік
нұсқау хат қосымшасы перспективалық жоспар,
циклограмма үлгісін, баланың жеке даму картасының үлгісін қамтиды.
Әдістемелік нұсқау хат жыл бойы
www.irrd.kz
сайтында қолжетімді
болады.
Достарыңызбен бөлісу: