Ынталы» жалпы орта білім беретін мектебі
Бұйрық №
Ынталы е.м. 00.00.2000 ж
Мектепішілік және аймақтық
іс-тәжірибе тарату туралы
Мектепішілік білім сапасын арттыру, жаңа технология үлгілерін меңгеру және оны дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Өзінің ізденімпаздығымен, білімділігімен көрініп жүрген бастауыш сынып мұғалімдері Мырзахметова Ділбар және Ахметова Гаухар 11-16 мамырға дейін мектепішілік, тарих пәнінің мұғалімі Н.Тастемиров 11-16 мамырға дейін мектепішілік, информатика пәнінің мұғалімі Манақбаев Даурен 18-23 мамырға дейін аймақтық, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Туткишбаева Гулмира 18-23 мамырға дейін аймақтық орыс тілі пәнінің мұғалімі Ахметова Гүлназ 11-16 мамырға дейін мектепішілік, және математика пәнінің мұғалімі Кеней Мадина 11-16 мамырға дейінгі аралықта аймақтық іс-тәжірибесі таратылсын.
Мектепішілік және аймақтық іс-тәжірибе таратуға бақылау мен басшылық жасау директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Кобекова Асел мен мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Байтурсынова Халидаға және директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Замираға жүктелсін.
Мектеп директоры: С.Конакбаев
«Ынталы» жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бұйрық
Ынталы е\м №____ 00.00.2020 жыл
Оқушылардың шығармашылық
күнін өткізу жөнінде
Оқушылардың шығармашылық қабылеттерін дамытуға, ғылыми зерттеу дағдыларын игеруге, өзінің белгілі бір ғылым саласында білімін жетілдіруге талпынған оқушы жастардың «Жас қанат» ғылыми қоғамының шығармашылық күнін өткізу мақсатында Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:
«Жас қанат» ғылыми қоғамының мүшелері мен жетекшілері бекітілсін. Қосымша1
«Жас қанат» ғылыми қоғамының жұмысы қашықтықтан өткізілсін.
«Жас қанат» ғылыми қоғамының жұмысын іріктеу қоғамдық гуманитарлық бағытының ӘБ жетекшісі А.Аскароваға және жаратылыстану-математикалық бағытының ӘБ жетекшісі А.Утегеноваға міндеттелсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мен басшылық жасау бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары А.Кобековаға міндеттелсін.
Мектеп директоры С.Қонақбаев
Қосымша1
Достарыңызбен бөлісу: |