4 топтың топ көшбасшылары ортада қалады да , тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай 30 сұрақ қойылады. Сұрақтар математика, физика, информатика пәндерінен болады.
Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
Ең кіші жай сан (2)
Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?Жауабы: үш стакан
Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін. Жауабы: 1 және 2
Дүкенде 5 әртүрлі кесе және 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке мен 1 кесені сатып алуға болады? Шешімі: 5*3=15
Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады. (5 бұрыш)
Балалар 2 шелек және жарты шелек жаңғақ жинады.Балалардың саны бесеу болса, осы жинаған жаңғақты бірдей етіп қалай бөлуге болады? (әрқайсысына жарты шелектен)
1 саны мен өзіне ғана бөлінетін сандар? (жай сандар)
Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкееді? Жауабы: 9 есе
Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым (Информатика)
Вирус деген не? (басқа программаларды «бүлдіретін» және көбейе алатын программа)
Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа (операциялық жүйе)
Процессор дегеніміз не? (жүйелік блоктың миы)
Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына зиянды (монитор)
Қазіргі заманда Дербес компьютерлердің неше түрі бар және қалай аталады? (3, үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлер)
Сканер, пернетақта, тышқан енгізу, шығару құрылғыларының қайсысына жатады? (енгізу)
Ақпарат түрлерін атаңдар? (көру, есту, иіскеу, дәм сезу, сипап сезу)
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)