Интеллектуалды ұлт 2020



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі18,23 Kb.
#91003
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
18,2тарих


Ұлдарай 2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру. Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасының атқарар рөлі өлшеусіз. «Мен «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы идеясымен бөліскім келеді. Оның негізгі мақсаты – қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу. Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру», деген еді Елбасы. Жобаның басым бағыттары ретінде негізгі үш бағыт айқындалды. Интеллектуалды адам капиталын қалыптастырудың бірінші алғышарты ретінде Мемлекет басшысы білім беру сапасын өскелең талаптарға сай дамытуды атап көрсетті. «Интеллектуалды ұлт» жобасының екінші басым бағыты ретінде ғылымды дамыту және еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Жобаның үшінші бағыты ретінде инновациялық даму жүйесіне басымдық берілуде. Енді осы үш басым бағыттың қазіргі таңдағы ахуалын саралап көрейік. Тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде еліміздің білім саласы реформадан кенде болып көрген емес. Бір кездері әлемдегі ең озық үлгі ретінде танылған кеңестік білім беру жүйесінен ауылымызды аулақ салып, архивке аттандырдық. Ол заңды да шығар. Ақпараттық технология ғарыштап дамыған жаһандану жағдайында көненің көзіндей болған кеңестік білім беру жүйесінің заман сұранысына жауап бере алмағаны анық. Алайда, ең өкініштісі, ұзақ жылдар бойы халқымызды ағарту саласының өзегі болып келген сол кеңестік білім беру жүйесінің орнын алмастыратын тиімді де озық үлгіні әлі де таба алмай келе жатырмыз. Соңғы кезеңде Білім және ғылым министрлері екі-үш жылда бір ауысады. Жаңадан тағайындалған министр білім саласында өзінің реформаларын жүргізе бастайды. Келесі келген министр бұл бастамаларды жылы жауып қойып, өзінің көңіліне қонған өзгерістерді енгізеді. Сөйтіп, «апам да аң-таң, мен де аң-таңмын» дегендей, жүздеген мың мұғалім жаңа министр енгізген өзгерістердің қыры мен сырын түсінуге ден қояды. Міне, дәл қазіргі күні де еліміздің 300 мыңдық мұғалімдер корпусы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев енгізген білім берудің жаңартылған мазмұнын жүзеге асыруға жұмылған. Әлемдік өркениет шоғырында ат төбеліндей ең дамыған отыз елдің қатарына ұмтылған Тәуелсіз Қазақстанның бағдарға алған шоқ жұлдызы – «білім – ғылым – инновация». Осы жылдар ішінде еліміздің білім саласында жетістіктер болмады деп ауызды құр шөппен сүрткен де жарамас. Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің бүкіл мектеп жасына дейінгі тәрбие мекемелерін қамтыған «Балапан» бағдарламасы, интеллектуалды ұлт қалыптастырудың негізі болып табылатын 20 Назарбаев зияткерлік мектептерін ашу бастамасы білім саласындағы бірегей жетістіктер екендігі даусыз. Әлемдік сапа дәрежесі мен инновациялық білім беруге негізделген жаңа үлгідегі интеллектуалды мектептердің мақсаты экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық саласына бәсекеге қабілетті болашақ кадрларын тәрбиелеу болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет